Новости на Newstaraz.

Садыр Жапаров «шетел ұйымдары» туралы заң жобасын дайындау мерзімін созды

newstaraz.kz

Садыр Жапаров "шетел ұйымдары" туралы заң жобасын дайындау мерзімін созды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының мерзімін ұзартты. Жапаров қаулыға 14 маусымда қол қойғаны енді мәлім болды.

Президент қаулысына сәйкес, жұмыс тобы заң жобасын 1 қазанға дейін аяқтауы тиіс. Бұған дейін құжатты әзірлеу мерзімі 1 маусым деп белгілінген.

Құжат заңнамаларға «шетелдік коммерциялық емес ұйым» түсінігін енгізуді, мемлекет құзыретін кеңейтуді қарастырады.

Халықаралық ұйымдардың бірқатары, елшіліктер, БАҚ, бизнес қауымдастық және азаматтық қоғам заң жобасы Қырғызстандағы коммерциялық емес ұйымдар қызметін шектейтінін айтып, құжатты кері қайтаруға үндеген. Жақында Қырғызстандағы қоғамдық ұйымдар мен азаматтық белсенділер үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасын қабылдамауды талап ететін петицияға қол жинай бастаған.

Үкіметтік емес ұйымдарды бақылауды күшейтуді көздейтін шетел ұйымдары туралы заң жобасын депутат Надира Нарматова жазып, былтыр қарашада қоғам талқылауына шығарған. Құжатты әзірлеу барысында бастамашыл топқа тағы 32 депутат қосылған, бірақ олардың бірқатары авторлықтан бас тартып, құжатта адам құқықтарына қарсы шектен тыс шектеулер мен ережелер бар екенін айтқан.

«Әділет» заң клиникасы заң мәтініне сараптама дайындап, оның Ресей қабылдаған «Шетел агенттері туралы» заңнан 98% көшіріп алынғанын анықтаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »