Новости на Newstaraz.

Семей автопаркінің жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты

newstaraz.kz

6 қаңтарда таңертең Семей автобус паркінің 50-ге жуық жүргізушісі жалақы аздығын айтып, ереуілге шықты.

Сағат 7-нің кезінде Семей қаласының аялдамаларында автобус күткендер күрт көбейіп, такси екі есе қымбаттады.

Бұған дейін жалақының аздығы мен еңбек жағдайының талапқа сай еместігіне наразы жүргізушілердің 26-сы жұмыстан босату туралы арыз берген.

«Жалақымызды көбейтіп, еңбек жағдайымызды түзесін. Баға шарықтап барады, ал жалақымыз 2019 жылдан бері өскен жоқ!» дейді ереуілдетіп тұрған жүргізушілер.

Автобус жүргізушілерінің ереуілге шығуға дайындалып жатқаны туралы хабар әлеуметтік желіде жексенбінің кешінде тараған.

«Семей автопаркінің жүргізушілері таңертең ереуілге шықпақшы. Бізге жеткен мәліметке қарағанда, автобустардың 80 пайызы жұмысқа шықпайды. Сондықтан жол жүрістеріңізді қазірден жоспарлап, балаларыңызды мектепке жеткізудің қамын жасай беріңіздер» деп жазды Telegram-дағы Semeyonline016 ​арнасы.

Автопарк иесі Григорий Пинчуктың қала әкімімен кездесіп, екі тарап 1 ақпаннан бастап жүргізушілердің жалақысын 40 пайыз, кондукторлардың жалақысын 30 пайыз көбейтуге уағдаласқаны хабарланды.

«Кеше қала әкімімен кездестім, жалақыларыңыз 1 ақпаннан бастап 30-40 пайыз көбейеді. Қала тұрғындарының жүріс-тұрысын кідіртпейік, уәдемізде тұрмасақ, тағы да жиналарсыздар» деді Григорий Пинчук.

Пинчук ереуілді «арандату» деп атап, қажет болса полиция шақыруы мүмкін екенін де айтты. Өйткені кей жүргізушілер күнделікті жұмысына шығып бара жатқан автобустарды тоқтатқан.

«Олардың не талап етіп тұрғанын да түсінбеймін, өйткені нақты ештеңе ұсынып жатқан жоқ, әйтеуір, кедергі жасап тұр. Еңбек жағдайы ұнамаса, өзге кәсіпорындарға барып, сонда жұмыс істей беруіне болады. Бұлар жұмыс істегісі келмейді. Жұмысты тоқтатқаны үшін шара қолдануға мәжбүрмін» дейді Пинчук.

Автобус жүргізушілерінің сөзінше, оларға жалақыны қаңтар айында көбейтуге уәде берілген, алайда уәде орындалмаған. Қазір жүргізушілерге сағатына мың теңге төлейді. Ал Григорий Пинчук жалақы мәселесін қаңтар айында субсидия қаншалықты көбейетіні белгілі болған соң қарастыруға уәде бергенін айтты.

Оның сөзінше, автопаркке бөлінген ақша қымбат жанар-жағар майдан «артылмайды».

Жүргізушілер еңбек жағдайына да наразы. Олар сегіз сағат емес, тәулігіне 12-16 сағат жұмыс істейтінін айтады.

«Заңда сегіз сағат еңбек нормасы бекітілген. Ал біз 12-16 сағат жұмыс істейміз. Кондуктордың да міндетін атқарамыз. Кондукторға күніне 8 мың теңге төлейтін болса, дәл сол жұмысты істейтін бізге сағатына 150 теңге ғана қосымша ақы төлейді. Мысалы, 15 күнге маған 3 мың теңге ғана төледі. Тым болмаса кондуктордың жалақысының жартысын бермей ме? Жолақысынан жымқыруымыз керек пе? Мен ұрлық жасағым келмейді» дейді автобус жүргізушісі Вячеслав Гойденко.

Жалақысы ақпаннан бастап көбейетініне сенбей тұрған жүргізушілерге Григорий Пинчук жаңа еңбек шартын көрсетуге уәде берді.

Семей қаласында үш автобус паркі бар. 2021 жылы үздіксіз жанжал мен ереуілден соң Semey bus автобус паркі жұмысын тоқтатқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »