Новости на Newstaraz.

ШАМАДАН ТЫС ҚАР ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҚИЫНДАТТЫ

newstaraz.kz

Қар көп пе, әлде коммуналдық қызмет нашар ма? Ақ ұлпадан аяқ алып жүруі қиындаған астаналықтарды дәл қазір осы сұрақ мазалайды. Көшеде адам түгілі көліктің жүруі қиындап, қозғалысқа кедергі келіп жатыр. Мұндай тау болып үйілген қарды бұрын-соңды көрмедік деген жұрт, әкімдіктің жұмысына көңілдері толмайтынын айтып қалды. Ал тазалыққа жауапты мекемедегілер болса, барлығына табиғаттың тосын мінезі кінәлі дегенді алға тартты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Елорданың коммуналдық қызметі биыл тоқтаусыз жауған қарды тазалап үлгермей жатқанына халық көндігіп, кейбірі мұны әзілге айналдыра бастады. Ал қала тұрғындары, еліміздің бас қаласы осындай жағдайда болса, басқаларға не қайыр, дейді.

«Көңілімізден шықпайды енді. Адамдарға жүруге ыңғайлы болуы керек қой. Жолда машиналар жүргенге көктайғақ».

«Техника аздау сияқты. Ол жағын білмеймін. Кішкентай тракторлардың күші жетпей жатады. Техника болса шешілмейтін проблема жоқ қой».

«Былтырлары мынадай қар жоқ еді. Білмеймін енді не болатынын. Жинайтын шығар».

«Тұрғындар басшыларға сын айтылса да, көше жағалап, техника жүргізіп дамылсыз еңбек етіп жатқан жұмысшылардың еңбегін еш етуге болмайды, дейді. Расымен, таң бозынан түннің бір уағына дейін тер төгу оңай емес.

Қоғам белсендісі Ибраим Бабаев атқамінерлер есеп бергенде аузы аузына тимей жұмыстары жайында жарыса айтатынын байқапты. Енді соны іске айналдырса, тіпті қатып кетер еді деген ойын ортаға салды.

ИБРАИМ БАБАЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
«Халық айтса қалып айтпайды дейді. Сондықтан халықтікі дұрыс. Кез келген әкім болсын, қалалық құзыретті органдардағы басшылары халықпен санасуы керек. Мемлекетте жоқ емес, қаржы бөлініп жатыр. Оны есептерінде айтады аудан әкімі болсын, қалалық әкім болсын. Соған сәйкес жұмыстың бәрі жасалса деймін».

«Әй демалсаңдаршы! Демалсаңдаршы! Тамақ ішіп алыңдашы! Ел, ел деп өлесіңдер ме? Әбетті жолда жеп барады. Мынадай әкім бар ма жер бетінде?».

Иә, елорда әкімінің инстаграмдағы парақшасын ашсаң, расымен сүйсінесің. Қасына нөкерлерін одан қалды фотографын ертіп алып, бір дамыл көрмейді. Шаруаны да тындырып, суретке де түсіп үлгеруде. Әкім болсаң осындай бол! Ал енді нақты қандай жұмыстар жасалып жатқанына көшейік. Қыс мезгілі басталғалы елордадан 2 миллион 973 мың текше метр қар шығарылыпты. Тазалыққа 1670 техника жұмылдырылған. Мұның бәрін тәптіштеп түсіндіріп жатқан «Астана тазалықтың» мамандары. Дамыл көрмей, бел жазбай еңбектеніп жатырмыз, дейді.

МЕДЕУ РАЖАНОВ, «АСТАНА ТАЗАЛЫҚ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
«Негізгі көшелерді одан кейін аялдамаларды тазалауға кірісеміз. Одан кейін ол жұмыстар біткеннен кейін тасу, шығару арнайы орындарға тасу жұмыстары басталады. Ол қардың көлеміне байланысты. Одан кейін нормадан көп түсіп жатыр қар. Көріп отырсыздар. Сондықтан осындай жұмыстар атқарылып жатыр».

«Так вот для чего стоили ЛРТ. Чтобы скидывать туда снег».

«Бұл бағаналарды алыстан танисыз. Қармен алысып жүрген тазалықтың қызметкерлері бір бөлігін осы жерлерге үйіп кеткен еді. Астананың жолдарын ашып алайық, сосын мұнда жинағанымызды алып кетеміз деп сендірді. Биылғы қыстан кейін «Әппақ-әппақ жапалақтап, қар жауады тынбастан» деген ән, қала әкімінің тыңдайтын әуендерінің қатарынан өшіп қалатын сияқты.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »