Новости на Newstaraz.

Шавкат Мирзияев 12 хоким мен 5 шенеунікті қызметінен алды

newstaraz.kz

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы жексенбіде өткен президент сайлауында жеңімпаз деп жариялаған Шавкат Мирзияев 10 аудан мен екі қаланың хокимін және бес шенеунікті қызметтерінен алған.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Мирзияев бұл шешімін 11 шілдеде өткен жиында жариялаған.

Науаи мен Янгиюль қаласының хокимдері, Әмудария, Қорғантепе, Бұхара, Миришкор, Шырақшы, Хатыршы, Пайарық, Ақалтын, Гүлістан және Аққорған аудандарының хокимдері орнынан алынған, Мирзияев оларда инвестициялық климат қанағаттанарлықсыз деген баға берген.

Мирзияев мұнан өзге автожол комитетінің төрағасы Абдурахмон Абдуәлиевті, «Узбекистон темир йуллари» компаниясының басшысы Хуснитдин Хосиловты, «Узсувтаъминот» компаниясының басшысы Сахиб Саифназаровты, Су шаруашылығы мен көлік министрінің орынбасарлары Бахтияр Камалов пен Абдусамат Муминовты лауазымдарынан босатқан.

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы 11 шілдеде Өзбекстан президентін мерзімінін бұрын сайлау қорытындысын бекітіп, Шавкат Мирзяевтың 87,05 пайыз дауыс «алғанын» растады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »