Новости на Newstaraz.

Шешенстан басшысы Қадыров Ингушетиядағы «ауылдарды тартып алам» деп қорқытты

newstaraz.kz

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров көрші Ингушетияның тұрғындары мен ақсақалдарына арналған видеоүндеу жариялап, өзіне қатысты талаптарын дұрыс жеткізуге үш күн мұрсат берді.

Қадыров негізсіз, ар-ұжданға тиетін айыптар естісе, бәріне баруға дайын екенін, оны ешқандай заң тоқтата алмайтынын мәлімдеді.

Ингушетияның дін істері жөніндегі басқарма басшысы Яхья Хадзиевтің кешірім сұрау әдісі Қадыровтың ашуын туғызған. Хадзиев Қадыровтан емес, онымен құшақтасқаны үшін кешірім сұраған.

Бұған қоса, Қадыров үндеуінде Шешенстан мен Ингушетия шекарасын қайта қараймын деп сес көрсетті. Қадыровтың мәлімдеуінше, 2018 жылғы 26 қыркүйектегі келесімге сәйкес, Ингушетияда бірнеше шешен ауылы қалған.

«Арандатушыларға айтарым: сендерде адам, ер азамат деп есептемеймін, сол себепті жерді тартып алдым. Қалған ауылдарды да тартып алам, осылай жасамайынша сендер тыным таппайсыңдар», — деп мәлімдеді Шешенстан басшысы.

2018 жылғы шекара туралы келісімнен соң Ингушетияда митингілер болды. Жергілікті халық шекара дұрыс белгіленбеді деп есептейді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »