Новости на Newstaraz.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ресми табысы кейінгі екі жылда 50 есе өскен

newstaraz.kz

Шешенстан басшысының ресми порталында Рамзан Қадыровтың 2020 жылға арналған табыс декларациясы жарияланды. Құжатқа қарағанда, республика басшысының табысы бір жылда екі есе өскен деп хабарлайды Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметі.

2020 жылы Қадыров 381 миллион рубль (5 миллион доллар шамасында) тапқан. Шешенстан басшысының 2019 жылдағы табысы 147 миллион рубль, 2018 жылдағы табысы 7,5 миллион рубль болған. Яғни, кейінгі екі жылда Рамзан Қадыровтың табысы 50 есе өскен. Кірістің көзі көрсетілмеген.

Шешенстан басшысының меншігінде жалпы ауданы 32 мың шаршы метр болатын екі жер учаскесі мен ауданы 2344 шаршы метр жеке үй көрсетілген. Ал әйелінің атына 209 шаршы метрден тұратын пәтер жазылған.

Ресми тұрғында Қадыровтың атындағы ешқандай автокөлік жоқ. Бірақ ол айналасындағы адамдарға шетелдің қымбат көліктерін жиі сыйға тартады және оқ өтпейтін лимузиндерін мақтан тұтады.

«Жоғары лауазымды адамдардың миллионер екені құпия емес. Олардың «Пятерочкаға» (азық-түлік дүкендерінің желісі) барып, такси ұстауға мұқтаж емес екені де құпия емес» деді саясаттанушы Константин Калачев Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметіне Қадыровтың табысы туралы пікір білдіре отырып.

Азаттықтың Солтүстік Кавказ қызметі сөйлескен сарапшының айтуынша, Қадыров табысының 2019 жылдан кейін күрт өсуіне оның Батыс санкцияларына ілігуі түрткі болуы мүмкін: ол енді ақшасын шетелде емес, Ресейде ұстауға мәжбүр.

«Проект» басылымы жақында Рамзан Қадыров туралы зерттеу жариялап, оның тағы бір әйелі барын, Мәскеуде соның атына қымбат пәтерлер жазылғанын хабарлады. Зерттеуде Шешенстан басшысының әйелдері жалпы құны кемі 800 миллион рубль (10,6 миллион доллар) болатын мүлікке ие екені айтылады. Журналистер Қадыровтың өмір салты оның ресми табысына сай келмейді деп атап өткен. Кремль Қадыровтың табысы туралы журналистік зерттеу қосымша тексеруге негіз емес деп мәлімдеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »