Новости на Newstaraz.

Швецияда Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы жол апатынан қаза тапты

newstaraz.kz

Мұхаммед пайғамбар карикатурасының авторы Ларс Вилкс Швецияның оңтүстігінде жексенбі күні тіркелген жол апатынан қаза тапты. Швед басылымдарының хабарлауынша, 75 жастағы Вилкс отырған авокөлік жүк көлігімен соғысқан.

Суретші мен оның екі күзетшісі қаза тапты, жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жараланды. Апат салдары тексеріліп жатыр.

Ларс Вилкс 2007 жылы Мұхаммед пайғамбар карикатурасын салғалы бері полиция күзетімен өмір сүріп келді. Карикатураны швед және дат газеттері басқан.

Карикатура әлемнің көптеген елдеріндегі мұсылмандардың ызасын туғызды. «Әл Каида» террористік ұйымы оның басына 100 мың доллар сыйақы тіккен.

Ларс Вилкс карикатурасын Charlie Hebdo сатира журналы да жариялады. 2015 жылғы қаңтарда журнал редакциясына жасалған шабуылдан 12 адам қаза тапты.

Суретші Вилкс адам еркіндігінен асқан құндылық жоғын бірнеше мәрте мәлімдеген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »