Новости на Newstaraz.

Сингапур президенті Халима Якуб Ташкентке жолаушы ұшағымен келді

newstaraz.kz

Сингапур президенті Халима Якуб күйеуімен бірге мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келді. Олар Астанадан Ташкентке Uzbekistan Airways әуе компаниясының тұрақты рейсімен жетті.

Сингапур президенті Халима Якуб күйеуі Мохаммед Абдулла Әльхабшимен бірге сейсенбі күні мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келді.

ӨзА мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, Ташкент әуежайында президентті Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Зулайхо Махкамова, сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов және Ташкент әкімі қызметін атқарушы Шавкат Өмірзақов күтіп алды.

Президент бастаған топ Астанадан Uzbekistan Airways әуе компаниясының Airbus A320 жолаушы ұшағымен ұшып келді.

Халима Якуб астанадағы «Жаңа Өзбекстан» саябағына барып, Тәуелсіздік монументіне гүл қойды. 25 мамырға дейін жалғасатын сапар барысында ол президент Шавкат Мирзияевпен және басқа да ресми тұлғалармен кездесіп, екі елдің бизнес-форумына қатысады, Самарқанд қаласына барады.

Биыл қаңтарда Шавкат Мирзияев мемлекеттік сапармен Сингапурге барған.

Мәліметтерге қарағанда, Сингапур президенті, премьер-министрі және басқа да ресми тұлғалары әдетте жолаушы ұшақтарымен сапарлайды. Қажет болған жағдайда Сингапур үкіметі елдің қарулы күштерінің ұшақтарын пайдаланады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »