Новости на Newstaraz.

Солтүстік Корея АҚШ-қа дейін жететін зымыранды сынақтан өткізді

newstaraz.kz

Солтүстік Корея жұма күні құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Ол жапон аумағынан шамамен 200 шақырым жерге құлады.

Жапонияның журналистер сауалдарына жауап берген ресми тұлғалары сынақтан өткен зымыран Құрама Штаттардың құрлықтағы жерлеріне дейін жете алатынын мәлімдеді.

Пхеньянның жаңа зымыранды сынақтан өткізгені туралы Оңтүстік Корея билігі де хабарлады. Бір күн бұрын КХДР қысқа қашықтықты еңсере алатын баллистикалық зымыранды сынағаны туралы мәлімет түскен. Пхеньян АҚШ-тың аймақтағы одақтастарымен қауіпсіздік саласындағы байланысын арттыру мақсатындағы талпынысы «аяусыз әскери қарымтаға тап болады» деп ескерткен.

Солтүстік Кореяның биыл осы тәріздес сынақтары рекордтық көрсеткішке жетті. Жақында ғана ол АҚШ пен Оңтүстік Корея бірге әскери жаттығу өткізіп жатқан уақытта теңізге жүздеген артиллериялық оқ атқан. АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен жаттығуларының кейбіріне Жапония да қатысқан.

Өткен аптаның жексенбісінде Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль, Жапония премьер-министрі Фумио Кисида және АҚШ президенті Джо Байден Камбоджадағы келіссөздерде әскери әріптестікті күшейтуге уағдаласқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »