Новости на Newstaraz.

Түркіменстанда бюджет қызметкерлері шетелге кету үшін жұмыстан шығып жатыр

newstaraz.kz

1 наурыз бен 10 сәуір аралығында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан өз еркімен жұмыстан шыққан түркімен азаматтары күрт көбейді. Олар шетелге жұмысқа кетуді аңсайды.

Түркіменстан билігі елде жұмыссыздық деңгейі артқанын мойындамай отыр. Бұрын шетелге жұмыссыздар кететін, енді елдегі экономикалық ахуал күрт қиындаған сайын бюджет қызметкерлері де жұмыстан шыға бастаған. Өйткені бюджет қызметкерлерінің айлығы күн көруге жетпейді.

Түркіменстан еңбең министрлігі елдегі жұмыссыздық деңгейі, халық тұрмысы туралы мәліметті жарияламай отыр.

Шетелге жұмысқа кетушілер арасында білім беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері көп.

Коронавирус індетіне дейін түркімен еңбек мигранттары өңкей жастардан тұратын. Бірақ еңбек миграциясының жаңа толқыны арасында 45 жастан асқандар да аз емес. Олар бұрын бюджет мекемелерінде істеген.

Түркіменстан азаматтары бұған дейінгі жылдары негізінен Түркияға жұмысқа баратын, өйткені бұл елге виза алу қажет емес. Енді олар Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріне де кетіп жатыр.

2022 жылғы қыркүйекте Түркия Түркіменстан азаматтары үшін визасыз кіру жүйесін алып тастады. Соған қарамастан Стамбұлға барып жатқандар азаймай отыр. Түркік визасын алу үшін үш ай уақыт керек.

Түркия көші-қон қызметінің мәліметінше, бұл елде Түркіменстанның шамамен 222 мың азаматы заңсыз тұрып жатыр. Бейресми мәлімет бір миллионнан асып жығылуы мүмкін.

Азатлық радиосы дереккөзінің 2019 жылғы мәліметінше, кейінгі 10 жылда Түркіменстаннан 2 миллионға жуық адам шетелге кеткен.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »