Новости на Newstaraz.

Түркия Украинаның инфрақұрылымын қалпына келтіруге қатысады

newstaraz.kz

Түркия Украинаның инфрақұрылымын қалпына келтіруге қатысады

Украина инфрақұрылым министрі Александр Кубраков пен Түркияның сауда министрі Мехмет Муш соғыстан кейін Украинаның қалпына келтіру ісіне түрік тараптың қатысуы қаралған өзара түсіністік Меморандумына қол қойды.

Ақпаратқа қарағанда, меморандумға Украина президенті Владимир Зеленский мен Түркия лидері Режеп Тайып Ердоғанның Львов қаласындағы сөйлесулері аясында қол қойылған.

«Түркия – біздің страгиялық әріптесіміз. Ресей талқандаған инфрақұрылымда қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін білдіргені үшін түрік әріптестерімізге разымыз. Түрік бизнесі жолдарды және көпірлерді салуда үлкен тәжірибеге ие. Олар Запорожье және Кременчуг көшелерін салып, сенімді әріптес ретінде көрсеткен. Сондықтан жақында инфрақұрылымды бірлесіп қалпына келтіруде нақты нәтижеге жетеміз деген ойдамыз», — деді Кубраков.

Алдымен Буча мен Ирпень қалаларын Киевпен байланыстырған Романовка ауылындағы көпірлерді қалпына келтіру қаралып жатыр.

Жақында украин-түрік бірлескен жұмыс тобы құрылып, түрік инвестициясын қалпына келтіру бойынша нақты жобаларға тарту механизмдері жасалып шығады.

Түркия президентінің Украинаға келуі – Анкараның үлкен қолдауын көрсетіп тұрғанын белгілеген Зеленский Ердоғанмен астықты украин порттары арқылы шығаруды жақсарту, Запорожье АЭС-тегі ахуал, Мәскеудің «ядролық шантажы», «Ресейдің бидай ұрлауы» және қорғаныс саласындағы әріптестік мәселесін талқылағанын жеткізді.

Зеленский мен Ердоған Львов қаласында кездесу өткізгеннен кейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен жолықты. 40 минөтке созылған кездесуден кейін тараптар азық-түлік келісімін, Запорожье АЭС айналасындағы жағдайды және әскери әріптестікті талқылағанын жеткізді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »