Новости на Newstaraz.

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтуі мүмкін

newstaraz.kz

CNN Turk арнасының мәліметінше, Түркияда сайлау жәшіктерінің 98 пайызға жуығы ашылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, үміткерлердің ешқайсысы белгіленген меже 50% (+1) аса алмаған секілді. Ең көп дауыс алған екі үміткер қазіргі президент Режеп Ердоған мен алты оппозициялық партияның «Халықтық альянсы» ұсынған ортақ кандидат Кемаль Қылышдароғлы алда келеді. Олар 28 мамырда екінші кезеңге түсуі мүмкін.

Қазіргі президент Режеп Ердоғанның елді басқарғанына 20 жылдан асты.

Түркияда сайлау елде көптеген мәселе қордаланған шақта өтіп отыр. Үш ай бұрын елдің оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі 50 мыңнан астам адамның өмірін алып кетті. Табиғи апаттан зардап шегушілер аймақты қалпына келтіруді талап етіп отыр.

Ел экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр. 2021 жылы елде инфляция деңгейі 36 пайыздан асса, 2022 жылы 80 пайызға жетті. Азық-түлік қымбатшылығы мен ұлттық валютаның құнсыздануының салдарынан қазіргі президентті қолдайтындар едәуір азайды.

Елде аз ұлттар мен күрдтер сепаратистік қозғалыс мәселесі шешілмеді. Этникалық күрдтер сайлаушылардың шамамен 15-20 пайызын құрайды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »