Новости на Newstaraz.

Тәжікстан — Қырғызстан: шекара жабық, бірақ тауар айналымы тоқтамады

newstaraz.kz

Тәжікстан - Қырғызстан: шекара жабық, бірақ тауар айналымы тоқтамады

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының жабылғанына бір жарым жылға жуық уақыт болды. Бірақ екі ел арасындағы сауда айналымы тоқтамаған.

Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 7 млн доллар, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 60 процентке аз.

Тәжікстанның кеден қызметінің басшысы Хуршед Каримзоданың сөзінше, тауар айналымының басым бөлігі — импорт, ол 6,3 млн долларды құрайды.

«Импорт негізінен Қазақстан мен Өзбекстан арқылы жүзеге асып жатыр. Қырғызстаннан көбінде көмір тасиды», — деді ол.

Қазір Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы бес өткізу кеден бекеті жабық тұр. Былтыр көктемде болған шекарадағы қақтығыстан кейін қайта ашылған жоқ. Қырғыз тарабы шекараны бір жақты жапқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »