Новости на Newstaraz.

Тәжікстан 2022 жылы Ауғанстанға шамамен 73 млн долларға электр қуатын сатты

newstaraz.kz

Тәжікстан кеден қызметінің құжаттары осыны дәлелдейді. Олардың көшірмесін Азаттықтың Тәжік қызметінің редакциясы алды. Өткен аптада «Барки Точик» мемлекеттік холдингінің басшысы былтыр қаншай электр қуаты Ауғанстанға экспортталғанын айтпаған.

2022 жылғы ақпанда «Барки Точик» басшылығы Тәжікстан Ауғанстанға 1,5 млрд. кВтс электр қуатын 4,67 центтен беретінін хабарлаған. Алайда, Тәжікстан кеден қызметінің мәліметінше, былтыр Ауғанстанға 1,7 млрд. кВтс электр қуаты 4,3 центтен сатылған.

Салыстырар болсақ: «Барки точик» есебінде 2021 жылы Тәжікстан Ауғанстанға 1 млрд. 257 млн. кВт/с электр қуатын 56 млн долларға сатқан. Алайда Тәжікстан қызметінің дерегінде Ауғанстанға 1,3 млрд. кВтс электр қуаты 58 млн долларға сатылғаны жазылған.

Тәжікстан 2022 жылы Өзбекстанға 1 млрд 670 млн кВтс электр қуатын 33,4 млн долларға сатқан. Ал Өзбекстан Тәжікстанға 776 млн кВтс электр қуатын шамамен 16 млн долларға берген.

Тәжікстан энергетика секторы Ауғанстан мен Өзбекстанға 2023 жылы берілетін электр қуаты көлемін жарияламай отыр.

Республикада жылда күз-қыс мезгілдерінде халыққа электр қуатын жеткізуде шектеу енгізіледі. Аймақ тұрғындары аязды күндерді жиі жарықсық өткізуге мәжбүр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »