Новости на Newstaraz.

Тәжікстан студенттерді Қырғызстанға бармауға шақырды

newstaraz.kz

Тәжікстанның білім министрлігі студенттерге әзірге Қырғызстанға бармай қоя тұруға шақырды.

Өткен жылы Қырғызстанда 2000 тәжік студенті білім алған. Бірақ қырғыз тарапы Тәжікстанмен шекараны біржақты жапқаннан кейін, студенттердің көрші елде білім алуы қиындық туғызған.

3 ақпанда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде білім министрлігінің өкілі Махмадюсуф Имомзода Қырғызстанда оқыған тәжік студенттерінің біразы өтініш жазғаннан кейін Тәжікстандағы жоғары оқу орындарына қабылданған.

Енді Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Қырғызстанның оқу орындары тәжік студенттерінің құжаттарын қайтаруға асығар емес деп мәлімдеді. Мекеме мәліметінше, қырғыз тарапы студенттерді Тәжікстанның ЖОО-ға ауыстыруға қолдан қиындық жасап жатыр.

Білім министрлігі баспасөз мәслихаты барысында тәжік студенттерін Қырғызстанға баруды тоқтата тұруға шақырды.

«Дәл қазір барудың қажеті жоқ. Қырғызстанда сіздердің қауіпсіздіктеріңіз қамтылмаған. Түрлі сылтаумен қысым көрсетуі мүмкін. Бізге белгілі болғандай Нарын қаласында Орталық Азия университетінде білім алып жатқан бір студент ұсталған»,- деді Имомзода.

Былтыр мамыр айында тәжік-қырғыз шекарасында қарулы қақтығыс орын алғаннан кейін қырғыз тарабы шекараны біржақты жапқан. Содан бері тәжік азаматтарының Қырғызстанға баруы қиындады.

Қырғыз билігі Тәжікстанның мәлімдемесіне қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »