Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда бір отбасын қырып салды деп айыпталған екі адам өмірлік түрме жазасына кесілді

newstaraz.kz

Фото сайта «Азия-Плюс»

Тәжікстанда Хатлон облысының соты 4 тамызда Махмадгаюр Хайбуллоев пен Киёмиддин Насриддиновті Жайхун ауданында бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп танып, екеуін де өмірлік түрме жазасына кесті. Бұл туралы «Азия-Плюс» ақпарат агенттігі хабарлады.

Киёмиддин Насриддиновтің әйелі Адолат Шерматова қылмысқа қатысты деген айыппен 28 жылға сотталды.

2021 жылғы 12 маусымда Жайхун ауданындағы Таргок ауылында 39 жастағы Ахлиддин Махмадов пен оның 8, 13 және 14 жастағы үш баласын өлтіріп кетті. Үй анасы мен оның 11 жастағы баласы тірі қалды: олар түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Қаскөйлер қылмыс ізін жасыру мақсатында үйді өртеген.

Таргоктағы жауыздықтан шошыған тұрғындар құқық қорғау органдарын қылмысты бірден аша алмады деп сынады. ІІМ басшысы Рамазон Рахимзода арнайы құрылған тергеу тобына сөгіс жариялап, бір отбасының төрт мүшесін өлтіргендерді тез арада табуды тапсырды.

Екі айдан соң Тәжікстан ішкі істер министрлігі қылмыс ашылғанын хабарлады. Тергеу мәліметінше, Махмадгаюр Хайбуллоев досы Киёмиддин Насриддиновке оның әйелі Махмадовпен төсектес болған деп айтқан. ІІМ дайындаған бейнесюжетте екі күдікті Махмадов пен оның отбасын қалай өлтіргенін, сосын үйді қалай өртегенін айтып берген. Үй өртеніп жатқанын көрген көршілер осы жерде жантүршігерлік қылмыс болғанын білген. Махмадовтың әйелі мен бір баласы аман қалды. Латофат Азизова отбасы мүшелерін өлтірген күдіктілерді таныған.

Алайда сотталушылардың туыстары оларды кінәсіз деп есептейді. «Азия-Плюс» мәліметінше, үш күдікті де тергеу кезінде айтқандарынан бас тартып, қамауда азапталғанын мәлімдеді.

Сотталушылардың туыстары сот үкімімен келіспейді. Олар Тәжікстан Жоғарғы сотына шағымдануды көздеп отыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »