Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда президенттің туысы танысына пышақ сұқты деген күдікке ілінді

newstaraz.kz

Тәжікстанда президенттің туысы танысына пышақ сұқты деген күдікке ілінді

Бохтар қаласының прокуратурасы «Точикматлубот» компаниясының Хатлон облысы бойынша бөлімінің төрағасы Азизулло Сохибовқа қарсы тергеу ісін бастады.

10 қазанда оның үйінен пышақпен жараланған 36 жастағы келіншек ауруханаға жеткізілген.

Күдікті Азизулло Сохибов Озоди радиосына келіншектің өзіне қол жұмсағанын, бұл оқиғаға ешкім кінәлі емес екенін айтты.

Хатлон облыстық ішкі істер басқармасындағы дереккөз 24 қазанда материал топталып, прокуратураға өткізілгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, сол түні Сохибовтың үйіне қонаққа барған 25 адамның дені тергелген.

Ол бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалуы тиіс деді. Бірақ әзірге Бохтар қаласының прокуратурасы түсініктеме бермеді.

Осыған дейін дереккөз ауруханаға түскен 36 жастағы келіншектің Азизулло Сохибовтың ашынасы екенін хабарлаған. Қазір келіншек ауруханадан шыққан. Оған Азизулло Сохибов қол салуы мүмкін делінеді.

50 жастағы Азизулло Сохибов – Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның күйек баласы Шамсулло Сохибовтың ағасы.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »