Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда танымал палуанның ұлы кісі өлімі бойынша ұзақ мерзімге сотталды

newstaraz.kz

Душанбе қалалық соты самбо бойынша Тәжікстанның алғашқы әлем чемпионы болған Саидмумин Рахимовтың ұлы Саидахмад Рахимов досын өлтірді деген айыппен 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметіне қарағанда, 22 жастағы Рахимов биыл 5 тамызда досы Мухаммаджовид Закирзодаға 17 рет пышақ сұққан.

«Тергеу күдікті мен марқұм арасында қаржы мәселелері болғанын анықтады. Қарыз ақшаға байланысты шыққан жанжалдың соңы адам өліміне алып келді», — деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сотталушының адвокаты Фирдавс Субхонзода Рахимовтың туыстарымен апелляциялық шағым беруді кеңесеміз деді.

10 қарашада өткен сот отырысына БАҚ өкілдері қатыстырылмады.

Марқұмның анасы Матлуба Ганиева қайғылы оқиға болатын күні ұлы тауар алып келуге Түркияға ұшып кетпек болған дейді. Оның сөзінше, Саидахмад Рахимов баласына 35 мың сомони қарыз болған. Ұлы қарызын алу үшін барғанда, жанжал шыққан. Соңы қайғылы оқиғамен аяқталған.

Өз кезегінде Рахимовтың туыстары қарызды кешіктіріп жатқаны үшін Мухаммаджовид Саидахмадты бірнеше рет «өлтірем» деп қорқытқан дейді. Бірақ марқұмның анасы бұл сөздерді теріске шығарады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »