Новости на Newstaraz.

Түркіменстан Қытайға газ тасымалдау көлемін арттыруға ниетті

newstaraz.kz

Иллюстративное фото

Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына барған Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қытай лидері Си Цзиньпинмен кездесті. Бұл туралы Түркіменстанның ақпарат агенттігі (TDH) хабарлады.

Кездесу барысында тараптар екі өлкенің энергетика саласындағы әріптестік жайында сөз еткен. Түркімен президенті «Орталық Азия — Қытай» газ құбырының төртінші (D) тармағын салу есебінен Қытайға табиғи газ экспортын көбейтуге ниеттеніп жатқанын жеткізді.

Аталған газ құбырының «А», «В» және «С» тармақтары 1830 шақырымға созылады және жылына 55 миллиард текше метр газ жібере алады. Бұл газ арқылы табиғи газ Түркіменстаннан, Өзбекстан және Қазақстан арқылы Қытайға экспортталады.

Қытайдың Ұлттық газ корпорациясы ақпаратына сәйкес, газ құбырының салынып жатқан төртінші тармағы Орталық Азиядан Қытайға жеткізіліп жатқан табиғи газ жылына 30 млрд текше метрге дейін көбейеді.

«Орталық Азия — Қытай» газ құбырының төртінші тармағы Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан арқылы өтеді. Бүгінгі күні оның Тәжікстандағы бөлігі салына басталғаны хабарланды. Газ құбырының жалпы қуаты 85 млрд текше метрді құрайды.

2021 жылы шілде айында Қытай газдың 1000 текше метрі үшін Түркіменстанға 238 доллардан төлеп келе жатқаны хабарланған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »