Новости на Newstaraz.

ТҮРКІСТАН ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУДАН КӨШТІ БАСТАП ТҰР

newstaraz.kz

Түркістан облысы — бойжеткендері ең жиі алып қашатын өңір. Осындай жағымсыз үрдісті аймақ прокуратур өкілдері мәлім етті. Жалпы өткен жылы елімізде қалыңдыққа 210 бойжеткен ұрланған. Араларында келін болуға келіспегенді зорлағандар да бар. «Салтымыз» деген сылтаумен жасалатын теріс үрдісті қалай тоқтатамыз? Мамандар не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Түрі мен аты-жөнін жасырған бойжеткенді осыдан үш ай бұрын төрт жігіт алып қашқан. Араларындағы біреуі оны үйіне апарып, әулетінің келіні етпекші болыпты. Алайда, ол танып-білмейтін жігітке жар болудан бас тартқан. Келіспеген соң, зорланған.

«Қараңғы бір бөлмеге апарып қойды. Сол түні 1-2-лер шамасында зорлады ана бала».

Азаматшаның айтуынша, арам пиғылын асырған жігіт пен оның үш досы әлі де бостандықта жүр. Полицияға шағымданса да, олардан осы күнге дейін еш қайыр жоқ. Өткен жылы еріксіз әйел етпек ниетпен қызбаланы ұрлаудың 200-ден астам фактісі тіркелген. Бұл теріс көрсеткіште дәл осы Түркістан облысы көш басында.

ЦИТАТА:
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ МӘЛІМЕТІНЕН:
«2019 жылы республика бойынша үйлену мақсатында 210 адам ұрлау фактісі анықталған. Көш басында Түркістан облысы. Онда 102 жағдай тіркелген. Екінші орында — Сайрам ауданы мен Кентау қаласы, онда 19 деректен. Жетісай ауданында 11 бойжеткен ұрланған. Қыз ұрлаудың алты дерегі Мақтаарал, Келес және Төлеби аудандарында тіркелді».

Заңгер Айдос Шәріпжанов біздің «салтымыз» деген алып қашудың көп қазақстандықтар ауыр қылмыс екенін әлі де түсінбей келеді, дейді.

АЙДОС ШӘРІПЖАНОВ, ЗАҢГЕР
«Жалпы қоғамда орын алған адам ұрлау мәселесі бойынша, қазіргі жағдайда қыздарды алып қашу мәселесі бойынша айтатын болсақ, біз сезімге беріліп заң бойынша сауаттылығымыздың жоқ екенін білдірмеуіміз керек. Сезім — бір бөлек, заң — екінші бөлек».

Алып қашу әдетте отбасылар арасында қалың мал беруден мен келісуден қашу жолы ретінде де қарастырылады. Сондай-ақ, еріксіз үйге әкеліп, келін ету қызға өте ауыр тиеді екен.

ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВ, ПСИХОЛОГ
«Қыз бала үшін өзінің еркінен тыс біреумен отбасы құру өте ауып психологиялық травма. Көбісі бұған шыдай алмайды. Бір айдан кейін кетіп қалады. Жарты жылдан кейін ажырасып кетеді. Психологиялық травманың болуы себебі, алып қашып әкелінген келінге ата-енесінің, күйеуінің, жаңа туысқандарының көзқарасы төмен болады. Затты алып келген сияқты, зат ретінде қарайды».

Қоғамда жиі талқыланатын қызды алып қашуды халықтан да сұрап көрдік. Көбісі бұған үзілді-кесілді қарсы.

«Қыздың келісімінсіз дұрыс емес деп ойлаймын. Ал, егер де екеуі келісіп тұрса, онда болады»

«Алып қашу? Нет, я считаю, что это неправильно. Алып қашу дұрыс емес».

«По-любому қыздың мнениесін сұрау керек қой. Всегда. Как это? С человеком потом жить придется».

Елімізде «адам ұрлаған» 4 жылдан 7 жылға дейін сотталады. Ал, егер топ болып, сөз байласып осындай қылмысқа барса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Ал, Түркістан облысында тіркелген фактілердің ешқайсы сотқа жолданбаған. Өйткені, тараптар өзара келіскендіктен, тоқататылыпты.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »