Новости на Newstaraz.

Түркия президенті 10 елшіні елден шығару туралы шешімнен бас тартты

newstaraz.kz

Түркия президенті Режеп Ердоған батыс елдерінің он елшісін елден шығару райынан қайтты. Бұл жөнінде түрік басшысы Анкарада өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Бұның алдында Канада, Франция, Финляндия, Дания, Германия, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция және АҚШ елшіліктері твиттерде мәлімдеме таратып, Түркияның ішкі ісіне араласпайтынын айтқан.

23 қазанда Түркия президенті Режеп Ердоған сыртқы істер министрлігіне батыс елдерінің он елшісін елден шығаруды тапсырған. Елшіліктер мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды деп айыпталған филантроп Осман Каваланы босатуын сұраған.

Түркия – НАТО мүшесі, Еуроодаққа кіруге кандидат. Соған қарамастан Ердоған дипломаттардың ел ішіндегі оқиғаларға қатысты Анкараға ақыл үйретуге құқығы жоқ деп мәлімдеді. «Мына елшілердің келіп алып, бізге не істеу керектігін бұйыруға құқығы жоқ! Кімсіңдер өзі?» — деген түрік басшысы Әділет және даму партиясы жақтастарының митингінде.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »