Новости на Newstaraz.

Тәжік белсенділері ауған босқындарына көмек берді

newstaraz.kz

Тәжік белсенділері Ауғанстаннан қашып келген 170 отбасына жәрдем берді.

Олардың сөзінше, босқындарға жәрдемдесуге жергілікті «Пешрафт» қоғамдық ұйымы мен Ага Хан қорының медициналық қызметі қол ұшын берген.

Осының алдында жергілікті белсенді Ниёза Айни Facebook парақшасы арқылы азаматтарды ауған босқындарына көмек беруге шақырған.

«Басында мен әрі кетсе бір немесе екі отбасына жәрдем береміз деп ойлағам. Бірақ әлеуметтік желіге жазғаннан кейін көптеген адам үн қатты. Қол ұшын бергісі келетін адамдар көп болды», — дейді Айни.

«Пешрафт» қоғамдық ұйымының мәліметіне қарағанда, босқындардың отбасына азық-түлік, дәрі-дәрмек және балаларына оқу құралдары жеткізіліп берілді.

Белсенді Айни мүмкін болса бұдан әрі де көмектесетінін жеткізді.

Тәжікстанда Ауғанстаннан қашып келген азаматтар саны ресми жарияланбады. Бірақ бірқатар мәліметтерге қарағанда, олардың саны 5 мыңнан асады. Қашқындардың көбі құрылған шатырда, енді бірқатары жалға алған пәтерде тұрып жатыр.

Қазіргі күні Тәжікстанға өткісі келетін ауған азаматтары шекарада өте көп.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »