Новости на Newstaraz.

Тәжік белсендісі Иззат Амонның жақтасы қамаудан босады

newstaraz.kz

Тәжік адам құқықтарын қорғаушы Иззат Амонның жақтастарының бірі Мұхаммадхон Эгамов айыппұл төлеген соң қамаудан босатылды. Ол 2021 жылғы қарашада Мәскеуде Душанбе өтінішімен ұсталған. Тәжікстан билігі Эгамовты аса ірі көлемде алаяқтатық жасады деп айыптаған.

Душанбе қаласы Исмоили Сомони аудандық сотының бір қызметкері Мұхаммадхон Эгамовтың үстінен «аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

«Іске қатысты соңғы сот отырысы шілденің басында өтті. Оған Эгамовтың туыстары мен жақындары қатысты. Сот оған айыппұл салып, оны сот залында босатты», дейді аудандық соттағы дереккөз. Ол айыппұл көлемін айтпады.

Мұхаммадхон Эгамовтың нақты қай күні бостандыққа шыққаны белгісіз. Оның достары 29 шілдеде Озоди радиосына Эгамовтың Мәскеуде жүргеніне бір апта болғанын хабарлаған. Ол Ресей астанасында таксиші болып істейді.

Биыл маусым айында Душанбедегі Исмоили Сомони аудандық соты мигрант құқықтарын қорғаушы Иззат Амонды жаңа қылмыстық іс бойынша алты жылға соттады. Бұл жолы оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Ал биыл наурыз айында Амон тоғыз жылға сотталған.

Иззат Амон жаңа үкімге шағымданудан бас тартты. Өйткені ол Тәжікстанда тәуелсіз, әділ сот бар дегенге сенбейді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »