Новости на Newstaraz.

Тәжікстан билігі Иран медреселерінде заңсыз оқып жүргендерді елге қайтарды

newstaraz.kz

Былтыр Тәжікстан билігі Иранның діни білім мекемелерінде заңсыз оқып жүрген жеті азаматты елге қайтарды. Бұл туралы Тәжікстан бас прокуратурасы хабарлады.

Құзырлы орган таратқан мәліметке қарағанда, 2022 жылы прокуратураның екі қызметкері жұмыс бабымен Иранға барып, сол елдегі діни білім мекемелерінде заңсыз оқитын жас тәжік азаматтарын анықтаған. Бас прокуратура мәліметінше, көрші елде 58 студент заңсыз діни білім алып жүрген. Содан бері билік Иранда оқитын тәжік студенттерін елге қайтаруға күш салып жатыр.

13 жыл бұрын Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон шетелдегі медреселерде оқитын тәжік студенттері экстремистік, террористік топтарға қосылып кетеді деп мәлімдеген. Мемлекет басшысының осы мәлімдемесінен соң билік тәжік студенттерін елге қайтару науқанын бастаған. Екі жыл ішінде Египет, Иран, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Ауғанстаннан 3 мыңнан аса студент Тәжікстанға қайтқан. Науқан әлі жалғасып жатыр.

2022 жылдың аяғында АҚШ мемлекеттік департаменті Тәжікстанда азаматтардың діни құқықтарын шектейтін елдер қатарына жатқызған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »