Новости на Newstaraz.

Тәжікстан президенті Ауғанстанмен шекаралас аудандарды аралады

newstaraz.kz

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 16 шілдеде Хатлон облысының Пяндж және Мир Саид Әли Хамадони аудандарын аралап, ондағы әскери дайындықпен танысты.

Ауғанстанның осы аудандармен шекаралас орналасқан уездері «Талибан» қозғалысының бақылауына өткен.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы облыс аумағындағы қорғаныс аймағының жеке құрамымен кездесті.

Шекарашылар алдында сөйлеген Эмомали Рахмон көрші Ауғанстанда, оның Тәжікстанмен шекаралас Балх, Құндыз, Тахар және Бадахшан провинцияларында жағдай қиын екенін мәлімдеді.

«Тәжікстанның сөз болып отырған көрші республикамен шекарасын қорғау ел үшін ғана емес, ТМД қауіпсіздігін, одан қалды Еуропа одағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де аса маңызды екенін айтты президент», — делінген Тәжікстан басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

5 шілдеде президент Рахмон Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, қорғаныс министрлігіне резервтегі 20 мың жауынгерді Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасын нығайтуға тартуды тапсырды.

Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасы 910 шақырымға созылып жатыр.

«Талибан» қозғалысы бірнеше айдан бері ауған провинцияларына шабуылын үдейтіп отыр. Бұның алдында ауған үкіметінің тәліптерден қашқан 2 мыңнан астам жауынгері тәжік аумағына шегінуге мәжбүр болған. Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы шамамен 1500 тұрғын Тәжікстанға қашып кірді.

АҚШ, Еуропалық одақ, Ресей және халықаралық ұйымдар Тәжікстанға Ауғанстанмен шекарасын нығайтуға көмектесіп отыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »