Новости на Newstaraz.

Тәжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды деген ақпарат тарады

newstaraz.kz

20 шілдеде кешке Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы Курбонгул Рахмонова қайтыс болды. Оның нақты неден көз жұмғаны ресми түрде айтылмады, алайда Азаттықтың Тәжік қызметінің ақпарат көздері Рахмонованың коронавирустан қайтыс болғанын айтты.

Аты-жөнін атамаған дәрігерлердің бірі президенттің қарындасынан коронавирус анықталғанын, дәрігерлердің он күн бойы оның өмірі үшін күрескенін жеткізді.

64 жастағы Курбонгул Рахмонова 2012 жылы үйінің маңында атып өлтірілген «Орман шаруашылығы және аңшылық» мекемесінің директоры Холмумин Сафаровтың әйелі.

Құпия дереккөздері Рахмонованы жерлеу рәсімі 21 шілдеде өтетінін хабарлады.

Шілденің басынан бері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның екі туысы қайтыс болған. Бұған дейін президенттің енесі Узбекби Асадуллоева мен оның ұлы, «Ориенбанк» төрағасы Хасан Асадуллозода көз жұмған. Кей ақпаратқа қарағанда, Узбекби Асадуллоеваның өліміне коронавирус себеп болған.

Маусым айының соңына дейін тәжік билігі елде корнавируспен ауырған жаңа науқас тіркелмеді деп мәлімдеп келген еді. Тек 21 маусымда коронавирус қайта тіркелгенін растады.

Тәжік билігінің хабарлауынша, індет басталғалы бері 20 шілдеге дейін 14 228 адамнан коронавирус анықталған. 14 мыңға жуығы (97 пайызы) жазылған. 114 адам қайтыс болған. Медицина қызметкерлері мен сарапшылар ресми дерекке күмән келтіреді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »