Новости на Newstaraz.

Тәжікстан: Восе тұрғыны милиция қызметкерлері азаптағанын мәлімдеді (видео)

newstaraz.kz

Тәжікстандағы Восе ауданының тұрғыны жергілікті милиция ғимаратына кіріп, қызметкерлердің оны балағаттағанын телефонмен видеоға түсіргісі келгені үшін азаптағанын мәлімдеді.

Пушиёни Поён қышлағының тұрғыны Шарофат Салимованың айтуынша, оны милиция бөлімінде үш тәулік ұстаған, прокуратура араласқаннан кейін ғана 15 шілдеде босатқан.

Аудандық ішкі істер департаментіндегілер Салимованы бір шағым бойынша шақыртқанын растап, бірақ оның азаптау туралы мәлімдемесін жоққа шығарып отыр.

Салимованың айтуынша, биыл мамырда ол көршілердің бірімен шынымен жанжалдасып қалған, бірақ өзін жәбірленушімін деп есептейді.

Шарофаттың мәлімдеуінше, милиция қызметкерлері одан көршімен арадағы жанжалда кінәсін мойындауды талап еткен. «Милиция қызметкерлерінің мені балағаттағанын, «кінәсін» мойындатуға тырысқанын құпия түрде телефонға түсіріп алғам келген. Олар бұған дейін де осылай жасаған, соны дәлелдеу үшін видеоға түсіруге тырыстым», — дейді Шарофат.

Восе ауданының басшысы Жамшед Шарифзода әйелдің азаптауға қатысты шағымын тексеру үшін комиссия құрылғанын айтты. Салимова милиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты жоғары тұрған инстанцияға шағым түсіргенін мәлімдеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »