Новости на Newstaraz.

Тәжікстандағы зейнеткерлер зейнетақының аздығына арызданды (видео)

newstaraz.kz

Тәжікстандағы зейнеткерлер зейнетақының ештеңеге жетпейтініне шағымданды.

Душанбе қаласының 68 жастағы тұрғыны Мирзобек Буриев бес жыл бұрын зейнетке шықты. Сол кезде оның зейнетақысы 266 сомони болды. Содан бері зейнетақы бірнеше мәрте көтерілді. Мирзобек ақсақал қазір 337 сомони (33 доллар) алады.

«337 сомониге не алуға болады? Бір қап ұн мен бір литр май. Нарықтағы бағаны ескерсек, зейнетақы кем дегенде 500-600 сомони болуы тиіс. Сонда ғана нан мен майға жетер еді», — дейді Буриев.

Айта кетерлік жайт, Мирзобек Буриевтің зейнетақысы Тәжікстандағы орташа зейнетақыдан 17 сомониге жоғары. Кейінгі жылдары елде зейнетақы орташа есеппен 28 сомониге көтерілді. Бірақ кейінгі бірнеше жылда қажет тауарлар бағасы еселеп өсті.

Тәжікстан Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі агенттік басшысы Ділмұрод Давлатзоданың айтуынша, зейнетақы жалақы көлемімен есептеледі.

«Коммерциялық банктер қызметкерлерінің зейнетақысы жоғары, өйткені олардың айлығы жақсы болған. Мәселен, «Точикбанкбизнеса» қызметкерлері, Ұлттық банктің бірқатар қызметкері 12 мыңнан 18 мың сомони аралығында зейнетақы алады. Шектеу жоқ, 22-25 мың сомони алатын зейнеткерлер де бар», — дейді ол.

Тәжікстанда ауыл шаруашылығымен айналысқан зейнеткерлер айына 97 сомони зейнетақы алады.

Республикада зейнетақы көлеміне қатысты тақырып біраздан бері талқыланып жүр. Біреулер 200 сомони алса, енді біреулер 10 мың соминиден артық алады — бұны қалай түсінуге болады деп сұрайды көпшілік. Осы тәріздес сауал көбейген соң, мемлекеттік агенттік кім қанша зейнетақы алатынын құпия сақтайтын болды.

Тәжікстанда зейнет жасына жеткен 160 мыңға жуық азамат бар. Олардың 32 мыңы зейнет жасына жетсе де жұмыс істеп, айлыққа ғана күн көріп жүр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »