Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда «келінін өлімге жеткізді» деген ене 5 жылға сотталды

newstaraz.kz

Тәжікстанның Турсунзаде қаласының тұрғыны келінін «өлімге жеткізгені үшін» бес жылға сотталды.

Бірақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қабылданған «Рақымшылық туралы» заңға сәйкес, айыпталушы Зархол Мустонованың жаза мерзімі 1,5 жылға қысқартылды. Оның туыстары сот үкімі әділетсіз екенін айтып, жоғарғы инстанцияға шағымданатынын жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, Мустонова 25 жастағы келіні Хуршеда Холмуродоваға психологиялық қысым жасап, ол биыл 12 маусымда сірке суын ішіп қайтыс болған.

Марқұмның әкесі Чори Холмуродов қызы өзіне қол жұмсамағанын, оны өлтіріп қойғанын айтады.

«Хуршедаға күшпен сірке суын ішкізген. Сондықтан прокуратура “Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғау керек. Сот-медициналық сараптама қорытындысы қызымның денесінде ісіктер, көгерген тұстар бар екенін көрсетті», — дейді ол.

Хуршеда Холмуродова Турсунзаде қаласындағы медициналық колледждің 4-курсында оқып жатқан. Екі жыл бұрын тұрмысқа шығып, балалы болған. Жақындарының айтуынша, күйеуінің туыстары оның оқуына қарсы болып келген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »