Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда «ондаған қарулы ауған азаматы ұсталды»

newstaraz.kz

Тәжікстан құзырлы органдары жұргізген операция барысында ондаған ауған азаматы ұсталды. Олардың арасында бұрынғы жауынгерлер де бар.

Азаттықтың Тәжік қызметіне түскен мәліметке қарағанда, Хатлон облысындағы Шамсиддин Шохин ауданында бір аптадан бері шекараның адам аяғы баса бермейтін жерлерін тексеру жүріп жатыр.

Тәжік билігі осындай операция өтіп жатқаны туралы ешқандай мәлімдеме жасамады.

Алайда Азаттық дереккөздерінің хабарлауынша, «ұсталғандар арасында қару асынғандары да болған».

«Қолға түскендерді Душанбеге жөнелтті. Олардың жағдайы қалай болып жатқаны әзірге белгісіз» дейді дереккөздердің бірі.

Ауғанстан азаматтарының Тәжікстан аумағына нақты қай уақытта және қалай өткенін де ешкім білмейді.

2021 жылғы жазда Талибан қозғалысы билікке келген соң Ауғанстандағы жүздеген жауынгер, ұшқыш, сонымен бірге қарапайым тұрғын Тәжікстан мен Өзбекстанды уақытша паналаған.

Олардың кейбірі үшінші бір елдерге өтсе, бірқатары Ауғанстанға қайта оралған. Қалғандары Тәжікстанның түрлі қалалары мен аудандарына орныққан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »