Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда оппозиционер Алим Шерзамоновтың бауыры 18 жылға сотталды

newstaraz.kz

Таулы Бадахшан автоном облысының соты Польшада тұратын тәжік оппозиционері Алим Шерзамоновтың туған бауыры Муслим Шерзамоновты 18 жылға соттады. Бұл туралы Озоди радиосы хабарлады.

Алим Шерзамонов сот үкімін «алдын ала ойластырылған» деп атады.

«Мен оның қандай қылмыстар бойынша кінәлі деп танылғанын әзірге білмеймін. Біздің Таулы Бадахшандағы туыстарымыз, достарымыз бұл туралы ешнәрсе білмейді. Біз қиындықпен тапқан адвокаттың өзі үндемей отыр. Жақын туыстарымыз Муслиммен тергеу абақтысына барып, кездесті. Оның өзі де не үшін соттап жатқанын білмейді» – деді Шерзамонов.

Тәжікстанда оппозициянер Алим Шерзамоновтың туған бауыры ұсталды: ол Таулы Бадахшанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінді:

Тәжікстан билігі 56 жастағы Муслим Шерзамоновты «ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі» деп есептейді. Ол Таулы Бадахшанның биресми лидерлері Хурсан Мазоров пен Зоир Ражабовқа қарсы жүргізілген «антитеррорлық операция» кезінде ұсталған. Онда Мазоров пен Ражабов өлтіріліп, шетелде жүрген Алим Шерзамонов пен тәуелсіз журналист, құқық қорғаушы Улфатхоним Мамадшоева айыпталып, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Алим Шерзамонов туған бауыры 12 маусымда тергеу шақырылғаннан бері үйіне қайтып оралмағанын жеткізді. Билік артынша, оның үйінен эки граната, 18 оқ дәрі мен автомат тапқанын мәлімдеді.

Биыл 16 мамырда Таулы Бадахшандағы Хорог қаласы мен Рушан ауданындағы ахуал қиындады. 17 мамырда Рушанның бір тұрғыны Душанбе-Хорог жолын жауып, әскери техниканың автономиялы облысы орталығына қарай өтуіне бөгет жасауға тырысты.

Ертесіне билік «терроризммен күрес операциясы» өткенін хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, Рушан ауданында 16 адам қаза болды. Жергілікті тұрғындар қырық шақты адам қаза тапқанын айтып отыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »