Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда прокуратура есірткі саудасымен ұсталған топ мүшелеріне 30 жылға дейін жаза сұрады

newstaraz.kz

Тәжікстанның бас прокуратурасы соттан жарты тонна есірткімен ұсталған трансұлттық қылмыстық топтың мүшелеріне 20 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Бұл топтың ұйымдастырушысы — Душанбе тұғыны Азизулло Абдуллоев. Ол «Азизи хонасоз» лақап атымен танымал. Қылмыстық топтың ішінде өзбек азаматтары да бар. Ұсталғандардың арасында кезінде халықаралық іздеуде жүрген азаматтар да болған.

Қылмыстық топтың өкілдері биыл шілде айында Құрбан айт кезінде ұсталған. Олардан 473 келі есірткі табылған. Ұсталғандар ұзақ уақыт бойында Ауғанстаннан Орталық Азияға арқылы Еуропаға есірткі тасымалдаумен айналысып келген.

Ұсталғандардың бірінің адвокаты Зоиршо Давлатёров Озоди радиосына айыпталушылардың ешқайсысы кінәсін мойнына алмады деп мәлімдеді. Олар есірткі тасымалымен айналысып келгенін жоққа шығарған. Адвокат тергеу кезінде олардың азапталғанын айтады.

Бұл іс бойынша сот үкімі келесі аптада жарияланады деп күтіледі.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »