Новости на Newstaraz.

ТАҒЫ БАЛА ЗОРЛАНДЫ МА?

newstaraz.kz

Екі жыл бойы баласының зорланғанын дәлелдей алмай жүрген ана арнамыздан көмек сұрады. Түркістан облысының тұрғыны 13-тегі ұлының мектепте зәбір көргенін айтып арызданыпты. Жергілікті полицейлер мен құзырлы орган қызметкерлері істі жабуға амал жасаған дейді. Ал мектеп ұжымы «зорлады» деп отырған балаларға шаң жуытар емес. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазығұрттағы қарапайым мектеп бұл. Екі жыл бұрын тергеушілер тінтіп, кейін тынышталған. Сол кезде 13-тегі ұлын жоғары сыныпта оқитын 8 бала зорланғанын айтып ана шағымданған еді. Араға уақыт салып, көп балалы ана сол оқиғаға қатысты тергеу аяқсыз қалды деп, Алматыдан әділдік іздеп келген.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
«Мектепке келіп, шағымданғанымда ондағы директор, ұстаз, психологтар ана балалрды қорғаштап қара терге түсті. Олар оқу озаттары, мектептің белсенділері, мүмкін емес деп өзіме қарсы шықты. Полицияға арыздандым. Онда менің ұлым зорлаған балаларды көрсетіп тұрса да, өтірік айтып тұр дегенге келтіріп, арызымды қайтаруға үгіттеумен болды».

Іске бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин араласқан. Жергілікті полицейлерден қайыр жоқ деп отыр. Тергеуші біреу, дәйекзаттар жұмбақ жағдайда жоғалуда дейді. Сол жақта зорландым деген бала жала жапты деп топшыласа, тәуелсіз сарапшылар жеткіншектің жалған айтып тұрмағанын дәлелдеген.

АРУЖАН САИН, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
«Біздің басқа шығар жолымыз қалмады. Қайтадан жоғары билікке жүгінуге тура келіп тұр. Бір ғана баланың құқығын қорғау жергілікті полицейлер мен прокурорлардың қолынан келмесе, амалсыз жүйенің бассыздығына қарсы тұру керек. Әділдікке сенім осындайда жоғалады емес пе».
Істің мән-жайын білмек болып, сол мектепке тарттық. Директоры «зорланды» делінген баланы да, «зорлады» деген оқушыларды да жамандыққа қимай отыр. Күдікті деген 8 баланың кейбірі қазірде мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнында оқып жатыр екен. Ананың арызданғанын растады. Бірақ іс жабылды, анасы әділдік іздеп емес, отбасылық жағдаймен Алматыға кеткендіктен, тынышталдық, дейді.

БҰҚАРБАЙ ӘЛІМБАЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
«Отбасылық жағдай, әкесі ауырып жатқаны, онда қарайтын адамдардың мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан ана әкесіне қарау үшін жаздыгүні маусым айының басында Алматыға кеткенін маған айтқан. Өз әңгімесінде, жеке әңгімеде».

Директор зорлау дерегі дәлелденсе, кінәлі жазалануы керек, дейді. Ешкімді жөн-жосықсыз ақтауға жоқпын деп азар да безер. Түркістандық полиция департаментінің мәліметінше, екі жыл бұрын тоқтаған іс бас прокуратураға арыз жазылған соң қайта тергеле бастапты.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »