Новости на Newstaraz.

ТАПҚАНЫМЫЗ ТАМАҚҚА КЕТЕДІ!

newstaraz.kz

Тапқан-таянғанымызды тамаққа жұмсаймыз! Одан қалды, бас-басымызда несие бар. Есеп-қисапқа салсақ, ел тұрғындары өз айлықтарына әрең дегенде күн көреді.  Өйткені тамақтан бөлек, несиесі, өзге де қажетті шығындары бар. Ол дегеніңіз халықтың жартысынан көбі кедейшіліктің күйін кешуде.  Неге халыққа қолжетімді болуы тиіс азық-түліктің бағасы тұрақсыз, оған қатысты депутаттар недей пікір айтты? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Халық табысының 60 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Жетпегенін қарызға жазып кетеді, дейді кәсіпкерлер. Есеп-қисапқа салсақ,  бір жылдың ішінде азық-түлік бағасы шарықтап барады. Ал айлық өзгеріссіз сол қалпы, дейді жұрт.

«Тамақта қымбат, мысалы Қызылордада туысқандарымыз тұрады 65 тг, 105 тұрады, қара нан 140 теңге. Бір адамға 30 мың теңге кетеді»
«Өте қымбат. Жалақы төмен себебі».
«Қазіргі заманда тамаққа көбіне. Өте қымбат қой, етте қымбаттап жатыр. Жартысынан көбі тамаққа кетеді».
«Негізгі бөлігі пәтер ақысына, тамаққа. Жол-пұлға, сонымен бітті айлығымыз».
«Бір айда сол 100 мың тг сол. Жалғыз өзіме, тамақтан ақшаны аямаймын».

РАМАЗАН САТТАРҰЛЫ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:
«Басым халықтың тіршілігінде жалақысы өте төмен, киімін алса, тамаққа аз қалады. Аш жүре алмайды оқыту бар, білім алу біліктілігін дамыту..көпшілікке ол қол жетімді емес»

Елімізде нан, ет, балық, жұмыртқа, май, кондитерлік өнімдер, жаңа піскен жемістер мен көкөністердің бағасы қараша айында  әлдеқайда өсті. Оның үстіне  халық көп тұтынатын ірімшік, сүт, қаймақтың бағасы шамамен 10 пайызға қымбаттады. Нарықтағы бағаның бұлайша шарықтауына депутаттар да алаңдаулы. Бағаны жергілікті әкімшілік бақылауда ұстау керек, дейді.

БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Үкімет басындағы, облыс әкімдеріне бәріне де нұсқаулық беріп жатыр. Азық-түлік сырттан келеді, кемшіндеу…әлді де басыламай тұр. Аз қамтылған жағдайлар үкімет басынан бастап, жіті бақылауда ұстау керек.  Ең бір қиыншылыққа алып келуі ықтимал».

Қарапайым офисте жұмыс істейтін қызметкер міндетті түрде түскі ас ішеді. Оған шамамен неше теңге жұсайды? Санап көрейік… сорпа, екінші тамақ, нан, шәй, салат. Өздеріңіз көргендей міні 1100 тг. Оны сіз 21 күнге көбейтсеңіз 21300 тг. Бұл тек түскі ас. Таңғы, кешкі тамақтың құнын қоссаңыз, баға екі еселенетіні айтпасақ та түсінікті.

БАХЫТГҮЛ ХАМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Азық-түліктің қымбатауы бар. Расында өзіннің қарапайым мұғалімнің 100 000 не болады? Сондықтан да әр нәрсенің өлшемі бар».

Осылайша тапқан-таянғаның тек тамаққа кетсе, қалған шығынды есептеудің қажеті жоқ. Яғни әрбір қазақстандықтың өмірі тек 1 аймен шектеледі деген сөз. Осы ретте халықаралық «РИА рейтинг» агенттігі тамаққа ең көп ақша жұмсайтын елдердің тізімін жасапты. Оның ішіндеТМД елдері көш басында тұр. Ал тамаққа ең аз ақша жұмсайтындардың бірі Люксембург тұрғындары екен. Олар табысының тек 8,7 пайызын тамаққа жұмсауға дайын. Қалғанын олар тек инвестияцияға құяды.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »