Новости на Newstaraz.

Ташкент әскери прокуратурасы сарбаз өлімін суицид деп таныды

newstaraz.kz

Ташкент әскери прокуратурасы биыл қаңтарда әскери бөлімдердің бірінде қайтыс болған сарбаз Миржалол Имамов өлімін суицид деп таныды.

Тергеу қылмыс құрамы болмағандықтан сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартты, деп хабарлады Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметінше, 11 қаңтарда Имамов сағат 10:00 шамасында әскери бөлімдегі демалыс бөлмесіне кіріп, қару-жарақ сөресінен кезекші сержанттың әскер автоматын алған. Содан кейін сарбаз өз-өзін атып өлтірген.

Ташкент әскери прокуратурасы сарбаз өлімі тіркелген әскери бөлімде қару-жарақты пайдалану тәртібі әлсіз екенін анықтаған. Соған байланысты әскери бөлім басшылығына сөгіс жарияланған.

Ташкент облысы Зәңгіата ауданындағы әскери бөлімде сарбаз өлгені туралы мәлімет 17 қаңтарда тарады. Ресми мәліметте 20 жастағы сарбаз өз-өзін абайсыз атып өлтірген деп жазылған.

Алайда Имамовтың туыстары суицид нұсқасына сенбей отыр. Олар марқұмның денесінде көгерген іздер мен ісіктер қалғанын, екі тісі сынғанын көрген. Бұған қоса, марқұмның анасы осы оқиғадан соң сарбаздың екі әріптесі ұсталғанын айтқан. Осы мәліметтерге сүйенген марқұмның туыстары Имамовты әскери бөлімде өлгенше ұрған деген болжам жасаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »