Новости на Newstaraz.

Ташкентке оралған өзбек белсендісін АҚШ-қа кері депортациялады

newstaraz.kz

Өзбекстанға туристік виза алу ісі жеңілдегенін естіген тегі өзбек шетел азаматтары елге оралғысы келген, бірақ олар визаның мұндай түрін ала алмай отыр.

Сонымен бірге Өзбекстанға ұшып келгендерді Ташкент әуежайынан депортациялай бастады.

65 жастағы Исокжон Зәкіров – Өзбекстанның бұрынғы азаматы. Жиырма жыл бұрын ол саяси себептермен елден кетуге мәжбүр болып, АҚШ-ты паналаған.

10 наурызда Ташкентке ұшып келген Зәкіровке Өзбекстан аумағына кіруге рұқсат бермеді. Тегі өзбек шетел азаматы жеңілдігі бар виза жүйесі негізінде тарихи отанына кірмек болған. Сол күні оны Ислам Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайынан АҚШ-қа кері депортациялады.

«Мен экстремист емеспін, іздеуде жүрген жоқпын. Қаңтар айында АҚШ-тың 55 жастан асқан азаматтарына елге визасыз кіруге рұқсат беретін заң күшіне енді. Мен «Жаңа Өзбекстанды» көру үшін отаныма жол тарттым, бірақ мені кіргізбей қойды. Мені террористей көрді, келген ұшағыммен АҚШ-қа кері қайтарды. «Жаңа Өзбекстан» осындай. Бұл елде ешқандай өзгеріс жоқ», — дейді Зәкіров.

2016 жылы Өзбекстан үкіметі 100-ден аса елдің азаматтарына электронды виза (E-Visa) беру жүйесін енгізді. Сол жылдың аяғында «Өзбекстанда туризмді дамыту жөнінде» президент жарлығы қабылданды.

2023 жылы осы жарлыққа енгізілген жаңа ережеде АҚШ-тың 55 жасқа толған азаматтары Өзбекстанға 30 күн визасыз кіре алатыны айтылған.

Исокжон Зәкіров Өзбекстанға кіре алмаған жалғыз шетел азаматы емес. Тегі өзбек ондаған шетел азаматы да туристік виза ала алмағанын мәлімдеген. Олардың дені оппозиционер, адам құқықтарын қорғаушы, журналист және олардың туыстары. Кезінде түрлі себептермен Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болғандар шетел азаматтығын қабылдаған, ал 2014 жылы сол кездегі президент Ислам Кәрімов оларды өзбек азаматтығынан айыру туралы жарлық шығарған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »