Новости на Newstaraz.

Таулы Бадахшанда биресми көшбасшы Толиб Айембековтің тағы бір бауыры ұсталды

newstaraz.kz

Таулы Бадахшанда өмір бойы түрме жазасына кесілген аймақтың биресми көшбасшысы Толиб Айембековтің тағы бір бауыры Рашид ұсталды.

Бұл жөнінде Озоди радиосының құқық қорғау органдарындағы дереккөзі хабарлады.

Әзірге билік өкілдері бұл оқиға бойынша мәлімет бермеді.

«Толиб Айембековтің үш бауырының біреуі Рашид ғана бостандықта еді. Енді қазір Айембеков отбасының 9 мүшесі де қамауда отыр. Рашидтің туыстары мен жақын адамдары оның ешқандай қылмыс жасамағанына сенімді. Ол Хорогта жедел жәрдем ауруханасында жүргізуші болып істеген», — дейді дереккөз.

Толиб Айембеков Хорогтың бұрынғы дала қолбасшысы. Ұлттық келісімнен кейін ол мемлекеттік құрылымда және ІІМ бөлімшесінде жұмыс істеген. Ол Таулы Бадахшан аймағының биресми көшбасшысы саналып келген. Ол былтыр осы аймақтағы мамыр оқиғасынан кейін жергілікті лидерлермен бірге ұсталған.

Тәжікстанның Жоғарғы соты Толиб Айембековке терроризм, есірткі саудасы, бұзақылық баптары бойынша ауыр айыптар тағып, өмір бойы түрме жазасына кесті. Халықаралық ұйымдар бұл үкімді айыптап келеді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »