Новости на Newstaraz.

Тенгиз Бөлтүрүк Құмтөр алтын кенін өндіру жоспарын таныстырды

newstaraz.kz

«Құмтөр Голд Компани» кәсіпорынының сырттай уақытша басқарушысы болып тағайындалған Тенгиз Бөлтүрүк 20 мамырда парламентте баспасөз конференциясын өткізіп, кен өндіру жоспарын таныстырды.

Оның айтуынша, әуелі кенді басқару автоматтандырылған жүйені іске қосу қажет. 15 мамырда кен жұмысын қамтамасыз ету бағдарламалары сырттай бұғатталған. Енді оның орнына басқа бағдарлама орнатылады.

Бөлтүрүктің айтуынша, экологияға тиген зиянды азайту керек. Мұздықтарда қалған өндіріс қалдықтары біртіндеп тазартылады, Петров көлінің таза туын өндіріс қажетіне пайдалануға тыйым салынады. Сосын мұздықтардың қозғалысын бақылайтын жаңа жүйе орнатылады. Уақытша басқарушының айтуынша, осы жоспарларды жүзеге асыруға 1,5-2 жыл қажет.

«Қаржы мәселесіне көңіл аудару керек. «Құмтөр Голд Компани» есептері бұғатталған, олардың бәрі Қырғызстанда емес. Біз Ұлттық банкпен келісімге отырып жатырмыз. Енді Құмтөрде өндірілетін барлық алтынды Ұлттық банк сатып алады. Бұған қоса, жиналған қаражатты «Қырғызалтын» есептерінде сақтаймыз», — деді Бөлтүрүк.

17 мамырда парламент «Құмтөр» компаниясының қызметін тексерген мемлекеттік комиссияның есебін тыңдады. Комиссия компаниядан 460 млрд сом өндіріп алуды ұсынды. Парламент үкіметке «Құмтөр Голд Компани» компаниясына сырттай уақытша бақылау енгізуді тапсырды. Ертесіне Құмтөрдің сырттай уақытша басқарушысы болып Тенгиз Бөлтүрүк тағайындалды.

«Құмтөр Голд Компанияға» иелік ететін канадалыұ Centerra Gold Inc. Қырғызстан билігінің әрекетін алтын кенін жекешелендіруге талпыныс деп бағалады. 16 мамырда канадалық инвестор халықаралық төрелік сотқа жүгінгені мәлім болды.

Құмтөр — Қырғызстандағы ең ірі алтын кені.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »