Новости на Newstaraz.

ТОЙЫНА «СНЕГОХОДПЕН» КЕЛГЕН КЕЛІН

newstaraz.kz

«Атағымызды шығару үшін хайп қумадық!» Ақтөбеде алай-дүлей боранда қалыңдығын «снегоходпен» алып кеткен күйеу жігіттің видеосы әлеуметтік желіде лезде тарап, елді шулатқан еді. Біреулер жас жұбайлардың бұл әрекетін сынаса, енді біреулер бақыт тілеп жатты. Ал жас жұбайлардың өзі бұған не деді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Ау, жандарым бақытты болыңдар! Кел, бетіңнен сүйейін, тойда кездесейік». Екі жастың тілеуін тілеп, жолға шығарып салып жатқандар қалыңдық Сәния мен күйеу жігіт Тамирланның туыстары. Әлеуметтік желіде жұрт жарыса бөліскен видео Ақтөбенің Алға ауданы Есет батыр ауылында түсірілген екен. Сәния өзінің «снегохдпен» ұзатылып бара жатқан сәті қызу талқыға түскенін той өткеннен кейін ғана білген. СӘНИЯ СМАЙЫЛ, ҚАЛЫҢДЫҚ: «Біз оны білген жоқпыз. Біз ертеңіне ауылға келін шайға бардық. Кешкісін келсек, видео келіп жатыр. Қызды снегоходпен алып кеткен, тойға жету үшін деп. Жақсы да, жаман да пікірлер де болды. Бізге 26-сы күні Тамерланның үйінде той болу керек болды. Біз қалайда соған жетуіміз керек болдық . Бізді өйткені қаншама халық күтіп отыр қалада». Дала ақтүтек боран. Келінді алып кетуге келген құдалар да, өзге тойшы қауым да жолға Ақтөбеге қарай жолға шыға алмапты. Аудан ортадығына жету үшін қарда жүретін көлікке шананы жегіп, жас жұбайларды соған отырғызған. 12 шақырым болатын аудан орталығына олар 30 минутта жеткен. ТАМИРЛАН КУЛЬКО, КҮЙЕУ ЖІГІТ: «Қазіргі таңда бәрі ойлайды да, хайп жасап, кеше неше түрлі пікір оқыдым. Енді сендерге қарап, кейбіреулер 30-40 км жерге алыс жерге жолға шығып кетеді деп. Біз енді, әркімнің өз басы бар ғой: үгіттеп жүргеніміз жоқ ғой, алыс жолға осылай шығыңдар деп. Біз өзіміздің шешім қабылдап, үлкендерден рұқсат сұрап шешім қабылдадық». Осылайша, Тамирлан мен Сәния Ақтөбедегі үйлену тойларына уақытында жеткен. Ал қалған құдалар, қыз жолдас пен жігіт жолдас тойдың нағыз қызған уақытында деп күледі. СӘНИЯ СМАЙЫЛ, ҚАЛЫҢДЫҚ: «Бірінші той болғандықтан осындай қадамға келдік. Оның ата анасы алғашқы той болғаннан кейін». Жас отбасы әлеуметтік желіде айтылған теріс пікірлерге мән бермеуге тырысады. Ал табиғаттың тосын мінезені қарамастан жолға шыққандарына алаңдап, ақ тілегін жаудырғандарға алғыстарын білдірді. 25 жастағы Тамирлан электрик, ал жас келін Сәния- педагог. Математика пәнінің мұғалімі. Жас отбасына біз де бақытты ғұмыр тілейміз!

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »