Новости на Newstaraz.

Владимир Путинмен кездескен Эмомали Рахмон тәжік армиясын жетілдіру мәселесін көтерді

newstaraz.kz

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен уақытта Тәжікстан қарулы күштерін жетілдіру мәселесін көтеріп, тәжік-ауған шекарасындағы жағдай туралы айтты.

Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. Тәжікстан басшысы Мәскеуге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері басшыларының саммитіне қатысуға барған.

«Ресей Тәжікстанның басты сауда және экономикалық әріптесі екенін қуанышпен айтқым келеді. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы шамамен 45 пайызға өсті. Ал биылғы үш айдың өзінде өсім 70 пайыз болды», — деп мәлімдеді Путин. Оның пікірінше, «осындай үрдісті сақтап қалу керек».

Эмомали Рахмон Тәжікстан қарулы күштерін жетілдіру бағдарламасының орындалу барысы мен тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды талқылағысы келетінін айтты. «Бұған қоса, халықаралық және аймақтағы өзекті мәселелерді талқылауға дайынмын», — деді Тәжікстан президенті.

Кремльдегі бұл кездесуден бірнеше күн бұрын Тәжікстан аумағына ауған жерінен бірнеше снаряд немесе оқ атылған. Осы жағдайдан соң Тәжікстанның шекара әскері ұрысқа кірісуге толық дайындық тәртібіне көшірілді.

Путин мен Рахмон келіссөзі ҰҚШҰ саммиті қарсаңында өтті. Саммитке ұйымға мүше алты елдің басшылары қатысты.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »