Новости на Newstaraz.

Зеленский Буча қырғынына Ресейді айыптап, геноцид жасағанын айтты

newstaraz.kz

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді Украинада геноцид жасады деп айыптады. Батыс лидерлері Киев түбіндегі Буча қаласынан Ресей солдаттары кеткеннен кейін табылған, көшеде шашылып жатқан денелер туралы жантүршігерлік мәліметтерді алып, Ресейді кінәлап жатыр.

Зеленскийдің CBS телернасының эфиріндегі «Бұл шын мәнінде геноцид, бір ұлтты, халықты тұтастай жою» деген сөзін «Америка дауысы» да таратты.

Киев түбіндегі Буча қаласынан Ресей әскері шығып, орнына Украина әскері кірген соң қалада шашылып жатқан бейбіт адам денелері табылғаны туралы мәліметтерден шыққан соң-ақ Зеленский мәлімдеме жасаған.

Ал Ресей Қорғаныс министрлігі Буча қырғынын көрсететін фото және видеокадрларды «Украина билігі арандату үшін жасап отыр» деп Украинаның өзін айыптаған.

Жексенбі күні халықаралық Human Rights Watch ұйымы Ресей басып алған Чернигов, Харьков және Киев түбінде «Ресей қаруы күштерінің соғыс заңына қайшы келетін әрекеттерін көрсететін жағдайларға куә болғанын»мәлімдеген.

Зеленский Ресей қарулы күштерін қатаң айыптап, Кремль басшылары өз әскерінің Бучадағы жауыздығын өздері келіп көрсін деген еді.

«Ресей Федерациясының басшылығы өз бұйрықтары қалай орындалып жатқанын көрсе екен. Бұйрығы қандай болса, орындалуы да солай. Осы қырғын үшін, осы азаптағандары үшін, жарылыстан қол-аяғы бөлініп, көшеде шашылып қалған адамдар үшін олардың жауапкершілігі де ортақ»,-деді Зеленский жексенбі күні орыс тілінде жасаған видео үндеуінде. Ол Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей әскери қызметкерлері Украинадағы әрекеттері үшін жауап беруге тиіс деп мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Бучадағы бейбіт адамдардың қырғынына кінәлілер жауап берсін деген мәлімдеме жасады. АҚШ-тың Украинадағы елшілігі twitter-аккаунтына: «Путин әскерінен қалған Буча мен өзге де аудандардағы көріністер сұмдық. АҚШ үкіметі қолда бар құралдарын түгел пайдаланып, кінәлілерді анықтауға тырысады. Біз үнсіз қала алмаймыз, не болып жатқанын әлем білуге тиіс, бәріміз әрекет етуіміз қажет» деп жазды.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг те Буча қырғынын кейінгі онжылдықтарда Еуропада болмаған «жауыздық» деп атады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »