Новости на Newstaraz.

Зеленский Стамбұлда Ердоғанмен келіссөз жүргізеді

newstaraz.kz

7 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездеседі.

Стамбұлдағы келіссөздерде НАТО-ның келесі аптада өтетін саммиті, украин астығын Қара теңіз арқылы экспорттау мәселесі талқыланады. Астық экспортына қатысты келісім мерзімі 17 шілдеде аяқталады. Ресей келісім мерзімін созу керек деп есептемейді, сол себепті бас тартып отыр.

Зеленский Түркияға Прагадан ұшып барады. Бұның алдында украин президенті Чехияда болып, президент Петр Павлмен кездескен.

Прагада баспасөз конференциясын өткізген Зеленский «орыстар секілді шегенбей, жаймен болса да ілгері жылжып келеміз» деп мәлімдеген.

Чехия президенті Петр Павел Украинаның НАТО мен Еуроодаққа қосылуын қолдайтынын, Киев ресейлік агрессиядан қорғану үшін Прагаға әрдайым иек арта алатынын айтты.

Бұл уақытта, кейінгі тәулікттерде Украинаның шығысында 30-ға жуық шайқас болды.

Украин билігінің мәлімдеуінше, Ресей армиясының 6 шілдде Львов қаласына жасаған шабуылынан он адам қаза болды, қырықтан астам адам жараланды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »