Новости на Newstaraz.

Зерттеу: Беларусь Қазақстан мен Қырғызстан арқылы санкцияны айналып өтіп жатыр

newstaraz.kz

Беларус зерттеу орталығы (БРЦ) жаңа зерттеуінде Беларусьтің кейбір жеке және мемлекеттік кәсіпорындары Қазақстан мен Қырғызстанда тіркелген компаниялар арқылы санкцияны айналып өтіп, Еуропаға фанер мен ағаш түйіршіктерін (пеллет) сатып жатқанын анықтаған.

Зерттеуде польшалық PLRBL және қырғызстандық «Адмит» компаниясы ағаш түйіршіктерін жеткізу бойынша келісім жасасқаны айтылады.

«Ағаш түйіршіктерін дайындауға қолданылатын ағаштар Беларусьтен алынып, кейін Еуропа одағына сатылады. PLRBL жетекшілерінің бірі, Беларусь өкілі Виталий Лешик мұны жасырмайды» деп жазады БРЦ.

PLRBL компаниясы Польша мен Латвияда ғана емес, Қырғызстан мен Қазақстанда да тіркелген. Олар ағашты Беларусьтен сатып алып, Қазақстан мен Қырғызстанда ағаш түйіршіктерін дайындайды. Құжатта олар ағашты Қазақстан я Қырғызстаннан алынды деп көрсетіп келген.

«Ағаш өндірумен айналысатын «Пинскдрев» компаниясы да Қазақстан арқылы санкцияны айналып өтуге әрекет жасап жатыр» деп жазады БРЦ зерттеушілері.

БЦР зерттеуінше, 2022 жылы мамырда Қарағанды қаласында «Пинскдрев» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі ретінде «Мануфактура Плюс» компаниясы пайда болған. Жаңа компанияның құрылтайшысы Наталья Слоква және «Мебельный Торговый Дом KZ» көрсетілген.

Беларуське санкция салынған соң, Еуропа одағына ағаш өнімдерін сату Қазақстанда 137 есе, Қырғызстанда 12 мың есе артқан. Бұл туралы да зерттеуде айтылады.

Аноним дереккөздер журналистерге «Пинскдрев» фанерлерін Орал қаласында тиеп, оған «Семей №1 ағаш өңдеу зауытының» эмблемасын жапсырып, Еуропаға жіберетінін айтқан. Қазақстанда тіркелген «Мануфактура Плюс» фанерлері Польша, Болгария, Эстония, Венгрия, Латвия компанияларына жіберілетіні де анықталған.

Қазақстан Ресей мен Беларуське санкция салмаған, бірақ Астана бұл елдердің компанияларына Қазақстан арқылы санкцияны айналып өтуге жол бермейтінін мәлімдеген.

Қазақстан өзі санкцияға тап болмас үшін 1 сәуірден бастап Еуразия экономика одағы ішіндегі тауар айналымын бақылауды күшейтетінін жариялаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »