Новости на Newstaraz.

Жаңа зерттеулер COVID-19 вирусының Ухань базарынан жайылғанын растады

newstaraz.kz

Коронавирус пандемиясы Қытайдың Ухань қаласындағы жануарлар базарынан жайылған. Мұндай нәтиже екі бірдей ғалымдар тобының жүргізген зерттеуінде айтылған. Осылай деп Science ғылыми журналы хабарлайды.

Бірінші зерттеу тобында ғалымдар індеттің қалай тарағанын түсіну үшін картографиялық құралдар мен әлеуметтік желілердегі мәліметтерді пайдаланған. Нәтижесінде олар 2019 жылдың соңында вирус базарда сатылған жануарлардың ағзасында болды деген шешімге келген. Бірақ оның қандай жәндік екені айтылмады.

2019 жылдың 20 желтоқсанында COVID-19 вирусына шалдыққан сегіз адам тіркелген. Олардың бәрі сол базарда сауда жасағандар және сатып алушылар болған.

Екінші зерттеудің авторлары вирустың жануардан адамға қалай жұққанын анықтау үшін молекулярлық тәсілді қолданған. Олар бастапқы сатыда коронавирустың екі варианты болғанын және оның біріншісін адам жәндіктен 2019 жылдың 18 қарашасында жұқтырып алған деген нәтижеге келген. Екінші варианты адамға бірнеше аптадан кейін жұққан.

COVID-19 тараған кезде, ғалымдар вирус Ухандағы базарда сатылған жарқанаттан тараған болуы мүмкін деген болжам айтқан. Кейін вирус зертханадан шығып кеткені туралы гипотезалар айтылғанымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бұл мәліметтерді растамады.

Жақында 12 миллион халқы бар Уханда төрт адамның вирусқа шалдыққаны белгілі болғаннан кейін, қалада қайтадан карантин жарияланды.

Соңғы мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері әлемде 579 миллион адамнан вирус анықталған. COVID-19-ден көз жұмғандар саны 6,5 миллионға жақындады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »