Новости на Newstaraz.

ЖАҢА ЖЫЛ ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН ҚЫМБАТ ПА?

newstaraz.kz

Тәуелсіздік күні тағы да мансұқталуда. Желтоқсан айы басталысымен жылдағыдай еліміздегі ірі мегаполистер жаңа жылдық дайындыққа қызу кірісіп кетті. Алматылықтар Аяз ата мен ақшақарлардың шеруін ұйымдастырып мәз-мейрам болса, елордалықтар басқаны айтпағанда, егемендіктің символы саналатын «Қазақ елі» монументінің қасында шырша орнатып әлек. Сонда Жаңа жыл Тәуелсіздіктен қымбат болғаны ма? Жылда қайталанатын олқылықтың жыры қашан бітеді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«С новым годом, с новым годом, с новым годом, ууу».

Шырша, Аяз ата, ақшақар! Оңтүстік астанада Жаңа жыл әдеттегідей желтоқсанның 1-нен басталды. Мыңнан астам Аяз ата мен ақшақардың келуіне Алматының сынап бағанасындағы «+10» градус та кедергі келтірмеген. Жаңа жылдық мерекені бәрі асыға күткен тәрізді.

САЯТ ЖАҚЫПБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Бүгінгі шараға қатысқандардың қатарында балалар көп болды. Барлығы да керемет дайындалған. Костюмдерінен бастап, жаттаған тақпақтарына дейін. Жалпы бәрі өте жоғары деңгейде өтті. Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!».

Бұл шара Тәуелсіздік мерекесінің алдында бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Қарсы шыққандар әлі болмапты, керісінше жыл сайын қатысам деушілердің қатары артып барады екен. Басты ұран: «Жаңа жыл бір күн ғана емес, бір ай бойы тойлануы тиіс!».

«Алайда алматылықтарға ренжігеннен не пайда? Бас қаламыздың өзі оңып тұрғаны шамалы. Желтоқсан айы басталысымен әкімдік шаһарды шыршалармен безендіріп бастады. Тәуелсіздік күнің ұмытпадық деген ең болмағанда бірде-бір билборд та көрінбейді жақын маңда».

Сонда Жаңа жылдың Тәуелсіздіктен қымбат болғаны ма? Бас қаланы аралап, жағдайды саралағаннан, ойға түйіп, түсінгеніміз мынау. Сауда орталықтарын айтпағанда, еліміздегі белді жоғары оқу орындарының өзі Жаңа жылға дайындалып әлек. Бірақ, ол — ол ма?

«Біз тек мына жерді жарығын өткіземіз. Ал шыршаны басқа адамдар қойды. А, солай ма? Биыл ерте қойып жатқан жоқ па шыршаны? Жоқ, жылда осы кезде қояды ғой. 16-17 желтоқсанға дейін дайын болу керек барлығы».

Тәуелсіздік даңғылы. Тәуелсіздік сарайы. Тәуелсіздіктің символы саналатын «Қазақ елі» монументі. Егемендіктің иісі аңқыған мына жерде де жаңа жылға қызу дайындық.

АЛМАС ТОҚАБАЕВ, БЛОГЕР
«Адам қай мерекені тойлағысы келеді, ол оның өз еркі. Бірақ, оны адамның санасына жеткізу, ол — идеология. Сондықтан Тәуелсіздік мерекесін, тәуелсіздік жолында жанын берген, егемендік жолында жанын берген тәуелсіздік ұландарын еске алу күні болу керек секілді. Мүмкін сол кезде егемендіктің бізге қандай қиындықпен келгенін көріп, еске алған кезде, біз осындай дарақылықты тоқтатар ме едік?».

Алайда, оның ауылы әлі алыс сияқты. Өйткені, қыс басталысымен халықтың ойлайтыны Қайрат пенен Ләззаттардың ерлігі емес, Аяз ата мен ақшақардың сыйлығы.

«Город украшен, люди такие радостные за подарками бегают. А сами ждете новый год? Да конечно»
«Ауа-райына байланысты қатты көрінбейді да, бірақ адамдардың жүздеріне қарасаң сезіліп жатыр жаңа жыл»
«Балалар күтеді, балалармен бірге біз де күтеміз. Үйіңізді безендіріп бастадыңыз ба? Иә, шырша қойдық».

Шырша қойдық дегеннен шығады. Халықты айтпағанда, қала-қаламен, аудан-ауданмен, ауылың бар, бәрі бір-бірімен бәсекеге түседі ғой осындайда. Жаңа жылдық атмосфера үшін бірі миллиондап, өзгесі миллиардап шығындалуға дайын. Ал тәуелсіздіктің 28-ші желтоқсаны жақындап қалғаның, бірлі-екілі жерде ілінген билбордтар ғана еске салып қоятындай.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »