Новости на Newstaraz.

Қазақстан депутаты қымбатшылыққа байланысты халыққа 100 миллиард теңге таратуды ұсынды

newstaraz.kz

Парламент палаталарының 20 маусымда өткен бірлескен отырысында мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов халықтың кедей бөлігіне 100 млрд теңге бөліп беруді ұсынды. Бұл жөнінде жергілікті Orda.kz хабарлады.

Қазақстан үкіметі тауар бағасын қымбаттатпау үшін 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген. Басылым мәліметіне қарағанда, бұл соманың 81 миллиард теңгесі сауда желілеріне жеңілдетілген кредит беруге жұмсалған. 16,8 миллиард теңге — тұрақтандыру қорына арналған.

«Әсері болмады жоқ — баға өсті. Одан қайта бұл ақшаны тікелей халыққа таратып беру керек еді, сауда желілеріне емес. Бізде 1 миллионға жуық кедей бар. Бәрінен көп мұқтаж болып отырғандар солар. Егер бағаны тоқтата алмасаңыздар, халықтың өзіне тікелей қолдау көрсетіңіздер, әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалғандарға субсидия беріңіздер. Сауда желілеріне таратқанша, соларға берсеңіздер пайдасы көбірек боларына сенімдімін», — дейді Жамалов.

Кейінгі жылдары Қазақстан билігі инфляция екпінін тоқтатуға тырысып келеді. Биыл сәуірде стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың наурыз айынан бері азық-түлік тауарлары 15 пайызға қымбаттағанын хабарлаған.

Өткен аптада Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смаилов, мамыр айының қорытындысы Қазақстандағы инфляцияның жылдық екпіні 14 пайызға, азық-түлік инфляциясының деңгейі 19 пайызға жеткенін хабарлаған. Ұлттық банк болжамына қарағанда, Қазақстанда 2022 жылдың соңына қарай инфляция деңгейі 13-15 пайыз болуға тиіс.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »