Новости на Newstaraz.

Қырғыз ІІМ блогер Жекшенәлиевті не себепті ұстағанын түсіндірді

newstaraz.kz

Қырғызстан ішкі істер министрлігі 15 тамызда Facebook-тегі «Саяси тұтқын» парағының әкімшісі Ырыс Жекшенәлиевті не себепті ұстағанын түсіндірді.

Блогер ІІМ Тергеу қызметіне тергеуге жеткізілгенін растады. «Тергеу Facebook-тегі «Саяси тұтқын» парағындағы қоғамды адастыру мақсатында жалған ақпарат таратуды көздейтін жазбаларға байланысты болды», – делінген ІІМ таратқан мәлімдемеде.

Министрлік жиналған материалдар негізінде қылмыстық іс қозғалғанын, блогер Ырысты Жекшенәлиев осы іс аясында 48 сағатқа ұсталғанын хабарлады. Блогер тергеу изоляторында отыр.

Милиция нақты қай материалға қатысты іс қозғалғанын айтпады, бірақ министрлік мәлімдемесінде «Нарын облысындағы Жетім-Тоо кені төңірегінде түрлі керағар пікір айтылып жатқаны» атап өтілген.

Еске салайық, 19 жастағы Ырысты Жекшенәлиевтің ұсталғаны 14 тамызда мәлім болды. Бұның алдында ол «Саяси тұтқын» парағында ҰҚМК экс-Басшысы Әбділ Сегізбаевтың Жетім-Тооға қатысты екі жыл бұрынғы бейнеүндеуін жариялаған. Блогердің жақтастарының пікірінше, дәл осы үндеу оны ұстауға себеп болған.

Кейін арнайы қызметтің бұрынғы басшысы Әбділ Сегізбаевты да ІІМ қызметкерлері тергеді. Оның әйелі Айнұр Сегізбаеваның хабарлауынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері одан Жетім-Тооға қатысты үндеуі туралы сұраған.

14 тамызда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Нарын Облысындағы Жетім-Тоо кенін өндіру жөніндегі әңгімелер туралы үндеу жариялады. Мемлекет басшысы кенді өндіруге қатысты ешқандай жұмыс жасалмағанын, бар болғаны «кен қорын анықтау мақсатында геологиялық жұмыс жүрізу тапсырылғанын» айтқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »