Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда сарбаз өлімінен соң оның қызметтестерінің жағдайын тексереді

newstaraz.kz

Қырғызстанда сарбаз өлімінен соң оның қызметтестерінің жағдайын тексереді

Қырғызстандағы Молдаван ауылындағы №27 түзеу мекемесінде қызмет атқарған сарбаз өлімінен соң Азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық орталық марқұмның қызметтестерінің моральдық-психологиялық жағдайын тексере бастады.

Бұл туралы ұлттық орталықтағылар хабарлады. Мәліметке қарағанда, орталық қызметкерлері колонияға барып, мекеме басшылығымен және сарбаздармен сөйлескен.

«Олар ешқандай психологиялық қысым, азаптау немесе озбырлық көрмегенін, қызмет өтеу жағдайына шағымданбайтынын айтты. Бұған қоса, олар марқұмның ақкөңіл болғанын, ешкіммен жанжалдаспағанын хабарлады. Марқұмның әріптестері сарбаз өлімін жазатайым оқиға деп есептейді», — делінген ұлттық орталық таратқан мәліметте.

Орталық адам және жауынгер құқықтары бұзылғаны анықталған жағдайда мәліметті Жазаны атқару қызметіне, Әскери прокуратураға беріп, сонымен бірге қоғамға жеткізетінін атап өтті.

2003 жылы туған Қалыс Абдықабылов 2022 жылғы наурызда әскери қызметке қабылданған. Ол 29 шілдеде таңертең қызметін орындау кезінде қайтыс болды. Жазаны атқару қызметінің хабарлауынша, ол «күзету үшін берілген қарудан абайсызда өзін атып, оқиға орнында қайтыс болған». Жас жігіттің туыстары бұған сенбейді.

Қырғызстандағы омбудсмен институты кейінгі бес жылда тіркелген сарбаз өлімдерін зерттейтін жұмыс тобы құрылды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »