Новости на Newstaraz.

Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады

newstaraz.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев желтоқсан айында Қырғызстанға барады.

Бұл туралы президент баспасөз қызметінің Өзбекстанға қайта тағайындалған шетел елшілерінің Шавкат Мирзияевке сенім грамотасын тапсыруына қатысты мәліметінде айтылды.

Ресми рәсімде президент Мирзияевке Оңтүстік Корея елшісі Ким Хи Санг, Қырғыз Республикасының елшісі Мұса Жаманбаев, Алжир Халық Демократиялық Республикасының елшісі Бумедиен Геннад, Қазақстан Республикасының елшісі Бейбіт Атамқұлов, Америка Құрама Штаттары елшісі Джонатан Хэник сенім грамоталарын табыстады.

Салтанатты шарада Қырғызстан елшісімен сөйлескен Шавкат Мирзияев «келіссөздер нәтижесінде шекара мәселесін реттеу жұмысы үлкен жетістік» болғанын айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, қарашада екі елдің парламенттері өзбек-қырғыз шекарасы мен Кемпірабад су қоймасына қатысты екі заң жобасын мақұлдады.

Заң жобаларының түрліше талқылануы Қырғызстан азаматтық қоғамы өкілдерінің наразылығын туғызды. Содан кейін билік «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынды» деген күдікпен 26 саясаткер мен белсендіні қамауға алды.

Шавкат Мирзияев соңғы мәрте Қырғызстанға биыл шілде айында барған. Сол кезде ол Шолпан-Атада Орталық Азия елдері басшыларының кеңес алмасу кездесуіне қатысқан.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »