Новости на Newstaraz.

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Қуат Ахметов елден кетті

newstaraz.kz

«Til Maydani онлайн партиясы» Youtube арнасының авторы, азаматтық белсенді Қуат Ахметов Киевке кетті. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Абзал Құспан хабарлады.

– Киевте тұрақтаймыз ба, жоқ па, белгісіз. Бұл сол жердегі құқық қорғау ұйымдарына байланысты, – дейді адвокат.

Адвокаттың сөзінше, мұндай шешім қабылдауға Қазақстан бас прокуратурасының Ахметов видеоларына қатысты қылмыстық іс қозғауы себеп болған. 24 тамызда ресейлік «РИА Новости» ақпарат агенттігі Қазақстан бас прокуратурасына сілтеп, Ахметовтің сауда орындарын аралап, қазақша қызмет көрсетуді талап ететін видеолары бойынша қылмыстық кодекстің ұлт араздығын қоздыру бабымен (174-бап) іс қозғалғанын хабарлаған. Агенттіктің жазуынша, прокуратура қозғалыстың «ұлт араздығын қоздыру белгілері бар» видеоларын Алматы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында тексеріп жатқанын» хабарлаған.

Белсенді Ахметов бұл іс бойынша кінәлі деп танылса, үлкен көлемде айыппұл төлеу не 2-7 жылға бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

– [Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дәурен] Абаевтан бастап, [Адам құқығы жөніндегі] омбудсмен [Эльвира Әзімова], [Ермұхамет] Ертісбаев – бәрі Ресей саясаткерлерінің аузынан шыққан «тіл рейдтері», «тіл патрульдері» деген сөзді айта бастады. Қазақша қызмет көрсетуді талап етуді заңсыз деді. Ішкі істер органдарына арыздар түсіп жатты. Ахметовті шектеудің бірінші жолы ретінде билік әкімшілік іс қозғады. Екінші қадам қылмыстық іс қозғап, Қуат Ахметовті қамау болатын. Сол үшін Қуаттың елден кеткені дұрыс деп шештік, – дейді адвокат Абзал Құспан.

Ахметов сауда орындары мен мемлекеттік мекемелерге барып, қызметкерлердің қазақ тілінде қызмет көрсетуін сұрап, видеоға түсіретін. Кейбір қызметкер қазақша сөйлеуге міндетті емесін айтып, жанжалдасып қалатын. Қазақша қызмет көрсете алмағаны үшін кешірім сұрайтындар да болды.

Ахметов пен оның жақтастарының видеоларына Ресей де реакция танытты. Билікшіл Ресей басылымдары мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ететін азаматтар видеосын «орыстар мен орысша сөйлейтіндерді жек көру» деп бағалаған. Мәскеу Қуат Ахметовтің Ресей аумағына кіруіне 50 жылға тыйым салды. Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев Ахметов бастаған қозғалыстың әрекетін «жабайы ұлтшылдық» деп бағалады. Абаевтың мәлімдемесі қазақ қоғамында қатты сынға қалды.

Ресей БАҚ пен федералдық органдар арқылы Нұр-Сұлтанды шара қабылдауға үндеген тұста, 19 тамызда Алматы полициясы Қуат Ахметовке әкімшілік іс бойынша 145 850 теңге көлемінде (340 долларға жуық) айыппұл салды. Хаттамадағы ақпарат бойынша, бұған Ахметовтің әлеуметтік желідегі «Тіл майданы» қозғалысына жетекшілік ететіні жөнінде видеоүндеуі себеп болған.

Қазақстан конституциясы бойынша, елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ал мемлекеттік мекемелерде орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »